Облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен Ақмола және Қарағанды облыстары мұғалімдерінің өңірлік командасы – «Jana Talap» халықаралық жобасының қатысушыларымен бірлесіп облыс педагогтеріне STEM технологиясын іске асыруда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған «Облыс мектептеріндегі педагогикалық практика және STEM технологиясын енгізу тәжірибесі» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар тәжірибе алмасу және коллаборативті ортаны ұйымдастыру арқылы Ақмола облысының мектептерінде оқыту тәжірибесіне STEM технологиясын енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интерактивті онлайн-тақтаны пайдалана отырып, ұжымдық ретроспективті рефлексия жүргізілді және облыс мектептерінде STEAM технологиясын іске асыру мақсатында ұсынымдар қабылданды.