Ақмола облысының білім беру ұйымдары педагог-психологтарының жұмыс тобының отырысы туралы ақпарат

18.09.2020

    2020 жылғы 15 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінде Ақмола облысының білім беру ұйымдары педагог-психологтарының жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл топ Ақмола облысының білім беру ұйымдарында психологиялық – педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмыс істеуінің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылған. Жұмыс тобымен 2020-2021 оқу жылана жұмыс регламенті мен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітуге ұсынылды. Психологиялық қызметтің жұмысын бағалау критерийлері жасалды. 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және балаларға қатыгез қарым-қатынасқа қарсы қылмыстардың алдын алу және профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық іс-қимыл жоспары бойынша ұсынымдар әзірленді. Ақмола облысы білім басқармасының                       2019 жылғы 19 шілдедегі № 212 бұйрығының  1- қосымшасына сәйкес 12 адам қатысты.

  • IMG-20200916-WA0057.jpg
  • IMG-20200916-WA0056.jpg


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу