Бүгінгі таңда мектеп өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқырлықпен, конструктивті, мәдениетаралық өзара әрекеттесуге дайын заманауи, білімді, адамгершілігі жоғары, іскер жас мұғалімдерді күтуде. Балалармен жұмысты жай мұғалім емес, креативті ұйымдастырушы, баланы тәрбиелеп және оқытып қана қоймай, оны тұлға ретінде дамытуға қабілетті шығармашылығы дамыған адам жұмыс істеуі керек.
Жас педагогтер еліміздегі білім саласының дамуының басты ресурсы болып табылады. Еліміздің болашағы мұғалімдердің жаңа буыны мектептерге қандай идеялар мен құндылықтар әкелетініне байланысты.
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 19 қазан күні «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау, жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық олимпиадаға жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын Ақмола облысының 42 жас педагогы қатысты.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:
Санаты бойынша: педагогтер
1 орын - Кенжебаев Еламан Кенжебаевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі» КММ, тарих пәнінің мұғалімі;
2 орын - Матчанов Бахтияр Уразымбетович, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі;
3 орын – Бұғыбай Төлепберген Дорбетханұлы, «Астраханка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.
Санат бойынша: психологтар
1 орын - Манатов Аслан Айтжанович, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державинск қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-психолог;
2 орын - Ахметова Аида Бейсенқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қийма ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог-психолог;
3 орын - Байқол Қарлығаш, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, педагог - психолог.
Санаты бойынша: тәлімгерлер
1 орын - Нұржанова Менсұлу Базарбекқызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, тәлімгер;
2 орын - Лескен Расул, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі» КММ, тәлімгер.
Жеңімпаздар (Е.К.Кенжебаев, Б.У.Матчанов, А.А.Манатов, А.Б.Ахметова, Н.М. Нұржанова) 2021 жылғы 3-4 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
Жас педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз және қорытынды кезеңде жемісті нәтижелерге қол жеткізуге тілектеспіз!
Ақпаратты А. Б. Омарова дайындады.