Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының жүзеге асырылуына байланысты облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2019 жылғы 22 қарашада білім басқармасының мәжіліс залында жас педагогтардың II облыстық форумын өткізді.
Іс – шараның мақсаты - жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру, әдістемелік, ақпараттық, аналитикалық, дидактикалық сипаттағы кәсіби қиындықтарды жеңуге әдістемелік көмек көрсету.
Форумға Ақмола облысының 100-ден астам жас педагогтары: жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен 5 жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Форум аясында жас педагогтар алдында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Дүйсенова, педагогикалық еңбек ардагерлері Б. Омарова, Т.Чеш құттықтау сөз сөйледі.
Форум барысында Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалық жоғары оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерінің, республикалық, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылар презентациялар, коучингтер, тренингтер және республикалық кәсіби шеберлік байқауының «Үздік педагог-2019» атағының иегерлері Б. Батанасова, С. Ахметжанова, С. Ербалина шеберлік сағаттарын өткізді.
«Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы С. Бекішев жас педагогтарды Ақмола облысы бойынша волонтерлік жұмыстың пен волонтерлік тәлімгерлік қозғалыстың дамуымен және ілгерілетуімен таныстырды.
Кәсіби жетістіктері бар, облыстың білім беру сапасын дамытуға белсенділік танытып, қолдау көрсеткен жас педагогтар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сауле Алиева,
Ақмолаоблысыбілімбасқармасының
«Облыстықоқу-әдістемеліккабинеті» КММ
ұйымдастыру-талдау жұмысы және
курстық дайындық бөлімінің басшысы