«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13 қыркүек – Отбасы күні

11.09.2020

Жыл сайын Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі. Мемлекет тарихы әр жеке отбасының тарихынан тұрады. Әрбір отбасының тарихы - Қазақстан тұрмысының  үлкен энциклопедиясы. Табысты отбасы - ел табысының кепілі, оның әлеуеті.

Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бүгінгі күні                                     118 отбасылық қарым-қатынас клубтары ашылып, жұмыс істейді. Болашақта әр мектепте отбасылық қарым-қатынас клубтарын ашу жоспарлануда. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Жылдың үздік отбасы», «Отбасылық қарым – қатынастың үздік клубы» облыстық байқаулары, «Отбасы-тәрбиенің бастауы» атты бейнеролик байқауы және Ақмола облысының білім беру ұйымдары белсенді қатысатын басқа да іс-шаралар өткізілуде.

Аталған іс-шаралардың мақсаты: отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!!!

Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Үй мен отбасы сіз үшін махаббаттың, жылудың және жақсылықтың сарқылмас көзі болсын! Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілеймін. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.09.2020 18:15
Құрылған күні: 11.09.2020 18:15

Текст