«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жазғы кезеңдегі жұмысын ұйымдастыру»

15.05.2026

2026 жылғы 15 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Атбасар қаласындағы «Еркежан» бөбекжай-бақшасы нда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жазғы кезеңдегі жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. Іс-шара барысында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, ұлттық құндылықтарды дамыту және ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қарастырылды.
«Еркежан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Қасымова Г.А. балабақшаның жазғы жұмысты ұйымдастыру жүйесі мен жаңа маусымға дайындығын таныстырды. Практикалық бөлімде педагогтер жазғы сауықтыру жұмыстарының тиімді түрлерін көрсетті.
Бөбекжай-бақшаның әдіскері Серикпаева А.Д. «Бақыт әлемі» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Балалардың дамуына ұлттық ойындарды қолдану бойынша «Ұлттық ойын – ұрпақ мұрасы» практикалық кейсін тәрбиешілер Әліп Меруерт, Әлкеш А.У. және Кулинич С.П. ұсынды.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында Орымбаева Я.Т. мен Сарсембаева А.К. мектеп жасына дейінгі балалардың жол қозғалысы сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған «Жол қозғалысы ережелерінің әліппесі» жобасын таныстырды. Аканова С.Ш. мен Кашкимбаева Б.Б. «Батыл із кесушілердің шытырман оқиғалары» квест-ойынын, ал Айтенова А.Н. мен Джакупова М.Д. «Жылыжай ғажайыптары» экологиялық жобасын ұсынды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын ата-аналармен жұмыс бағыты тудырды. «Әкелер мектебі» аясында тәрбиешілер Орымбаева Я.Т. мен Сарсембаева А.К. «Әкеммен бірге футбол бастауы» жобасын таныстырса, педагогтер Лубянская А.Р. мен Масан Д.Ж. «Аналар мектебі» шеңберінде «Ритмика және өзіне-өзі массаж жасау – денсаулық құпиясы» атты практикалық сессия өткізді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің облыстың мектепке дейінгі ұйымдары үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст