«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас педагогтер арасында «Жарқын болашаққа бағдар» облыстық конкурсын өткізу туралы ақпарат

23.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған                         іс-шаралар аясында жас педагогтердің педагогикалық қызметі процесінде кәсіби өсуін дамыту, олардың әлеуметтік ұстанымын жобалық, шығармашылық қызмет арқылы арттыру мақсатында 2021 жылғы 19 қарашада IV облыстық форум аясында жас педагогтер арасында «Жарқын болашаққа бағдар» облыстық конкурсы өтті.

Форумға 5 жылға дейінгі (қоса алғанда) педагогикалық өтілі, сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі педагогикалық, шығармашылық, ғылыми, спорттық жетістіктері бар жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Облыстық форумның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

«Жас ұрпақтың қуаты» өзін-өзі таныстыру номинациясында:

1 орынПищулин Кирилл Владимирович, Степногорск қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы;

2 орынБақытнұр Өркен, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі;

3 орын – Туитина Жамал Кожановна, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  информатика пәнінің мұғалімі.

«Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастар көзімен» эссе номинациясында:

1 орын – Ткаченко Дмитрий Евгеньевич,  Степногорск қаласының жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері;

2 орын – Хайруллин Хикмэт Нуруллович,  Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылы агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын – Дрягина Кристина Юрьевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының                № 8 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі.

 «Жарқын болашаққа бағдар» әлеуметтік жоба номинациясында:

1 орынСарша Жанар, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің биология және химия пәнінің мұғалімі;

2 орынПоликарпов Сергей Витальевич, Сандықтау ауданы Каменка ауылы, Агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

3 орынШитов Алексей Викторович, Ақкөл қаласы, агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

 

  • 4 (1).JPG
  • 3 (2).JPG
  • 2 (2).JPG
  • 1 (1).jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.12.2021 09:54
Құрылған күні: 23.12.2021 10:05

Текст