Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында және бес әлеуметтік бастамада мемлекетіміздің даму перспективаларын көрсететін маңызды саяси құжаттар болып табылады. Бүгінгі таңда заманауи экономиканың басты ресурсы адами капитал және бәсекеге қабілеттілік дәуіріне қажетті, қазіргі заманғы білім алуға қабілетті әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Білім беру реформалары мен заманауи трендтерді іске асырудағы негізгі тұлға мұғалім болып табылады.
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан педагогтардың мәртебесін көтеру туралы жаңа заң көптеген адамдарға мұғалім міндетін сезінуге, оның еңбегін құрметтеуге және бағалауға көмектеседі.
Ғалым лингвист, көрнекті ойшыл Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз – мектептің жүрегі» ойшыл Әл - Фарабидің «Ұстаз – өнер – білімге құштар, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін, батыл, ержүрек болуы керек» сөздері біздің Ақмола облысы бай шығармашылық, зияткерлік әлеуетке ие және педагогикалық қоғамның алтын қоры болып табылады. Бүгін біздің мұғалімдеріміздің құрметіне «Ұлы ұстазға-мың тағзым» атты жаңа бетті ашамыз.