Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 11 ақпанда техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларына арналған «Білім беру сапасы: жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайындағы бағалау жүйесінің жаңа тәсілдері» жалпы білім беретін пәндер әдістемелік бірлестігінің облыстық вебинары өтті.
Вебинарда колледж оқытушылары мен ТжКБ бөлімінің әдіскерлері сөз сөйледі. Шет тілі сабақтарында қашықтықтан оқыту жағдайында сандық ресурстарды қолдану және сараланған оқыту туралы Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж оқытушылары Рахимова Т.К. және Гареева Е. А. баяндап берді.
Химия сабағында білім алушылар тарапынан жобалық қызметті қолдану және кері байланыс алу туралы Аршалы кенті Агротехникалық колледжінің оқытушылар Меркер Н В және Какпетов М.Б. өз тәжірибелерімен бөлісті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін тапсырмаларға сараланған тәсілді пайдалану туралы Красный Яр ауылы, Агротехникалық колледжінің оқытушылары Қасымов А.Е. пен Садвакасова Л. А. айтып өтті.
Бұл вебинар оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында бағалау жүйесінің жаңа тәсілдерін енгізу тәжірибесін тағы бір рет талқылауға және бөлісуге мүмкіндік берді.
Облыстық вебинарға 70-тен астам педагог қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімі
11/02/2021