«Көп тілді білу –
бір құлыптың көп кілтіне ие болу»
Вольтер, француз ағартушы-философы
Үштілділік – бұл заман талабы, ол адамдарға өз білімдерін, дағдыларын кеңейтуге және адамдар арасындағы өзара түсінушілікті дамытуға көмектеседі, ал тілдерді меңгеру деңгейі – оның негізгі критерийлерінің бірі. Бүгінгі таңда басқа жерде адамдар тек бір тілде ғана сөйлейтін елдер бар деп елестету мүмкін емес. Бірнеше тілдерді білу орасан зор ақпарат ағыны мен инновацияларға толы үлкен жаһандық әлемге жол ашады. Үштілділікті саналы, сауатты және дұрыс енгізу бізге кез–келген ортада коммуникативті–бейімді болуға мүмкіндік береді.
2016 жылы «Үштілді білім берудің жол картасын» іске асыру аясында «Үштілді білім беруді дамытудың жол картасы» пилоттық жобасы туралы» Ақмола облысы білім басқармасының 2016 жылғы 01 қыркүйектегі № 223 бұйрығына сәйкес 27 пилоттық мектеп анықталып және олардың базасында үштілді білім беру элементтерін енгізу басталған.
2016 жылдан бастап Ақмола облысының 1151 педагогы «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту, сондай – ақ ҚР БҒМ бекіткен жоспарға сәйкес үштілді білім беруді дамыту шеңберінде «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» пәндерінің тілдік курстарында оқыды. «Cambridge English Placement Test» (СЕРТ) онлайн тестілеу нәтижелері бойынша облыстың педагогтары ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға байланысты келесі деңгейлерге ие болды: С2 – 11, С1 – 403, В2 – 189, В1– 161, А2 – 347, А1 – 40 педагогы.
2020 – 2021 оқу жылы Ақмола облысының 246 мектебінде көптілді білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. CLIL технологиясы бойынша облыстың 553 педагогі «Физика», «Информатика», «Химия» және «Биология» (С2 – 11, С1 – 307, В2 – 170, В1– 65) пәндерінен сабақ береді. CLIL – оқумен қамту облыстың 10342 оқушысын құрайды, соның ішінде терең бойлаумен – 1743 оқушы, ішінара бойлаумен – 8599 оқушы. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде тереңдетіп оқитын сыныптар саны – 127, ішінара – 495.
Сондай – ақ облыстың 102 педагогі физика, информатика, химия және биология пәндерінен ағылшын тілінде үлгілік оқу жоспарларының инвариантты бөлігі бойынша, ал 454 педагогі вариативті бөлігі бойынша (факультативтер, үйірмелер) сабақ береді.
Пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –2 025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- Үштілді білім беруді дамытудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жол картасы;
- «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрық»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 315 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- «2020 – 2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
- «Орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдау, мектеп қызметін ұйымдастыру туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы әдістемелік нұсқау хат;
- Қазақстан мектептерінің оқу үдерісінде үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- STEM-білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
- ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға сапалы көшуі бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
ЖМБ педагогтерінің еңбегіне ақы төлеу «Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығының 3-тарауының 40-тармағы бойынша жүргізіледі. Ағылшын тілінде өз пәнін ішінара және тереңдетіп оқытатын мұғалімдердің сараланған жалақысы мұғалімдердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасы мен білім сапасын арттыруға ықпал етуі мүмкін.
«Қанша тіл білсең – сонша тілді адамсың» халық даналығына еш күмәніміз жоқ. Бірнеше тілді білу біздің өміріміздің шекарасын байытады және кеңейтеді. Бұл біздің бүкіл өміріміз салынған іргетастың маңызды кірпіштерінің бірі.
Әрине, тіл үйрену оңай шаруа емес. Алайда, біздің әлемде бәрі мүмкін. Бастысы, өз күшіне деген сенім. Ағылшын мақалында айтылғандай: «When there is a will, there is a way» («Тілек бар жерде мүмкіндіктер де бар»). Тілдерді білу бізге сенімді болашақ құруға мүмкіндік береді. Біз бүгін өз ертеңімізді құрудамыз.
С. Алиева, әдіскер-ментор
Ақмола облысының білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ