Кәсіптік бағдар беру мәселесі түлектер мен ата-аналарды және жоғары сынып оқушыларын алаңдатады. Осыған байланысты барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінеді.
Целиноград ауданы № 32 орта мектебінің психологы Билоус Оксана Нурулловна 10-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстанның жоғары оқу орындарына виртуалды саяхат» атты кәсіптік бағдар беру іс - шарасын өткізді. Онда мектеп бітіруші оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындарының сайттарында 3D турға сілтемелер және Қазақстанның жоғары оқу орындары бойынша 3D – виртуалды турдың ресми көздеріне сілтемелер тізімі ұсынылды.