Педагогтың әдістемелік сауаттылығы оның бала тұлғасын, оның дербестігі мен бастамашылығын дамытуға бағытталған жоғары кәсіби құзыреттілігін және білімдік үдеріске қойылатын заманауи талаптарды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бұл тәрбиеленушілерді дамытуда тұрақты да, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмек көрсетеді. Бахыт Арыстанбековна өткізетін ашық шараларға педагогтар әрқашан қызыға қатысады. Ол өзінің білктілігі мен білімін көрсете отырып дәстүрден тыс, қызықты, өнімді жұмыс жасай алатын шебер тәрбиеші.
Тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі интеллектуалдық конкурстарға қатысып, талай рет жүлделі орындарды иеленіп, грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Купобаев Даулет және Бегимбетова Назира «Туған жер дауысы» облыстық конкурсында бірінші орынға ие болды. «Жас Өнер: на пути к культуре мира!» балалар мен жастар хореографиялық шығармашылық ұжымдарының III Республикалық фестиваліне қатысты.
Бахыт Арыстанбековна сонымен қатар балабақшаның, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Орындаушылық тәртібі жоғары, жұмыс нәтижесі бойынша жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайды. «Пластинография» тәсілі арқылы балалардың қол ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбындағы зерттеушілік қызметті жүзеге асыруда.
Конкурстар әрқашан өз тәжірибеңді молайту, білім беру саласындағы өзіндік бағалы жаңалықтарыңмен, кәсіби шеберлік жетістіктеріңмен бөлісу және өз бойыңдағы шығармашылық қабілеттердің тұңғиығын ашу мүмкінідігін береді. Бахыт Арыстанбековна түрлі конкурстарға қатыса отырып келесі марапаттарды иеленді: мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Дети мира за руки возьмитесь! Мир подвластен детским голосам!» аудандық конкурста Бас жүлде, «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» ІІ Республикалық педагогикалық оқуларға қатысқаны үшін Сертификат, 2016 ж., «Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының Сертификаты, 2016 ж., «Ziat» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының «Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом, Білім беру және біліктілік арттыру саласындағы педагогикалық инновациялар VIІ Халықаралық жәрмеңкесінде Сертификат, 2017 ж., «Үздік педагог - 2018» аудандық конкурсында Бас жүлде, «Үздік педагог - 2018» облыстық конкурсында І орын.
«Мектепке дейінгі ұйымның Үздік тәрбиешісі» Республикалық конкурсында «Іскер тәрбиеші» номинациясы бойынша Сертификат, 2018 ж.