«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Целиноград ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Байболатова Майра Қауашқызы туралы ақпарат

10.04.2023

Әдістемелік қызметтің негізгі міндеті білім беру мекемесінің кешенді дамуына жәрдемдесу, педагогтер мен басшыларға олардың кәсіби шеберлігін дамытуда, шығармашылық әлеуетін арттыруда әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, әдістемелік қызмет мұғалімдерді жедел ақпараттандыруда, білім беру жағдайының өзгеруіне динамикалық жауап беруде маңызды рөл атқарады.  Ол тәжірибеге бағытталған, мұғалімдердің сұраныстарына икемді жауап беретін және кәсіби жетілдіруді қамтамасыз ететін педагогтердің жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі.

Ақмола облысы бойынша 20 аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері жұмыс істеуде. Аталған әдістемелік кабинеттерге білікті мамандар жетекшілік етеді. Олардың бірі- Байболатова Майра Қауашқызы.

Майра Қауашқызы Целиноград аудандық білім бөлімінің  әдістемелік кабинетінде 2007 жылдан бері қызмет етеді. Өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруды біледі, кәсіби қызметінде қолданылатын ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу және пайдаланудың заманауи әдістеріне ие. Ол әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге белсенді қатысады, аудан мектептерінің педагогикалық ұжымына оқу жоспарларының мазмұнын, білім беру нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауда тиімді көмек көрсетеді. Аудан мектептерінде оқытылатын  пәндер бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді дайындаудың тікелей қатысушысы және кеңесшісі, сонымен қатар аудандық «Педагогикалық идеялар» кәсіби шеберлік байқауының ұйымдастырушысы және сараптамалық топтың құрамының мүшесі. Байболатова М.Қ. ауданның оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының қызметін ұйымдастыра біледі, бірлескен жемісті ынтымақтастық үшін қолайлы микроорта және психологиялық ахуал жасайды.

М.К. Байболатованың жетекшілігімен  аудан мұғалімдері мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдардың облыстық байқауына қатысып, сертификаттармен марапатталып, мақалалары баспа беттерінде жарияланған.

 Майра Қауашқызы тәжірибелі әдіскер, оқыту әдістемесін жетік меңгерген, заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізу ұстанымында. Кәсіби қызметтің тиімділігі аудан бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасының тұрақты жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. Ол өзінің теориялық және әдістемелік деңгейін көтеруде үнемі жүйелі жұмыс жасайды. Жыл сайын әртүрлі деңгейдегі әдістемелік және оқу семинарларының жұмысына қатысады. Сонымен қатар, «Педагогтың кәсіби құзіретін арттыру», «Масса. Молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс тақырыбында» мақалалары басылымдарға жарияланды, «Шағын жинақталған мектеп жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде мотивациясын қалыптастыру» тақырыбында жұмыс тәжірбиесі облыстық деңгейде жалпыланды.

    Майра Қауашқызының қарым-қатынас және ұйымдастырушылық қабілеті оңтайлы. Ол ішкі мәдениетімен, білімінің кеңдігі мен тереңдігімен, ерекше саналылығымен, жоғары жауапкершілік сезімімен ерекшеленеді. Н ағыз зерделі, педагогикалық жұмысқа берілген, сол үшін әріптестері арасында лайықты құрмет пен беделге ие, бірнеше мәрте  облыстың білім басқармасының грамоталары, Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төс белгісі және «Целиноград ауданы 90 жыл» медалімен марапатталды.

  • 9.jpg
  • i-100x100.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.04.2023 11:37
Құрылған күні: 12.04.2023 16:58

Текст