«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Досанова Еркеназ Амантайқызы

14.02.2019

Жас болса да, бас маман бола білген Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терсақан негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, қиналғанда қол ұшын бере, жылы сөздерімен оқушыларын өмірге қанаттандыратын жан 9 «а» сынып жетекшісі Досанова Еркеназ Амантайқызы. Әр шәкіртін досындай көріп, қуанса бірге қуанып, мұңайса жұбататын, әр баласын икем - дағдыларына қарай түрлі сайыстар мен басқа да қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыратын, «Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады» дегендей өзі де, оқушылары да мерекелік концерттерде тамаша мен көріністі шебер сомдайтын актерлер, спорт шеберлері, ән, би, қолөнерден үнемі алда жүретін креативті сынып.

Орта буынға аяқ басқаннан бастап, «Жас түлек» атанғалы отырған оқушыларымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сыныбымен бірге көптеген жұмыстар атқарып, аудан, облыс көлеміндегі түрлі сайыс жеңімпаздары. 9 «а» сынып - «Болашақ» КВН командасының мүшелері.

Педагог - сарапшы. Мұғалімнің жетістіктері: Мұғалімдер арасында өткен облыстық ғылыми жобалар байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері, «Педагогикалық дебют - 2018» - «Жаңа формат мұғалімі» номинациясы, облыстық «Тәуелсіздік толқынында» фестиваль - сәндік-қолданбалы өнер – І орын, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференция – грамота, республикалық қашықтық олимпиадалардың І, ІІ дәрежелі диплом иегері. Мектепішілік, облыстық Алғыс хаттармен марапатталған. Аудандық мұғалімдер арасындағы спартакиядадан теннис ойындарынан І орын, тоғызқұмалақ ойындарынан ІІІ орын иегері.

Оқушылары: Облыстық «Махамбет оқулары» - Алғыс хат, Базылбекова Мадина - «Жарқын болашақ» олимпиадасының І, ІІ орын иегері, «Зерде» ғылыми жобалар байқауының І диплом иегері; Кабдрашева Камила - «Жарқын болашақ» олимпиадасының  ІІ орын иегері, республикалық «Ақбота»,  теннистен ІІ орын.

Ұстанған қағидасы: «Оқушының жеңісі – ұстаздың жемісі!»

 

 

 

 

 

  • 4.jpg
  • 3.jpg
  • 2.jpg
  • IMG-20190128-WA0014.jpg
  • 1.jpg
  • 1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.02.2019 18:19
Құрылған күні: 15.02.2019 10:07

Текст