Мұғалімнің кәсіби ұстанымы: «Үздік үлгі – адамға өнеге».
Жолдыбаев Ғазиз Сейтжанұлы білім беру жүйесінде 32 жыл жұмыс істейді. Мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы жақсы, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығушылығын қамтамасыз ете отырып, пән бойынша өзінің білім беру және сабақтан тыс қызметін табысты жоспарлайды. Педагог үлкен әдістемелік жұмыс жүргізеді, мектеп, аудан және облыс әріптестерімен тәжірибе бөліседі.
Ғазиз Сейтжанұлы «Патриот» мектеп әскери-патриоттық клубының жетекшісі болып табылады. «Нағыз патриоттарды тәрбиелеу» авторлық бағдарламасын әзірлеп, сынақтан өткізді, оның мақсаты жастарды ҚР Қарулы Күштер қызметіне дайындау. Меңгерушісі Ғ. С. Жолдыбаев болып табылатын АӘД кабинеті аудан мен облыс бойынша ең үздік деп танылды, бай көрнекі және үлестірме материалдар жинақталған мұғалімнің кабинеті - нағыз шығармашылық зертханасы болып саналады. 2014, 2017 жылдары «Жарқайың ауданының үздік әскери жетекшісі» атағын алды.
2016 жылы Ғазиз Сейтжанұлы тәрбиеленушілер «Алау», «Айбын», «Отан қорғаушы» конкурстарының аудандық кезеңдерінде, АӘД бойынша олимпиада жеңімпаздары атанды және облыстық кезеңдерде келесі нәтижелер көрсетті: «Алау» - 1-ші орын, «Айбын» - 2-ші орын, «Отан қорғаушы» - 2-ші орын, АӘД бойынша олимпиада – 3-ші орын, АӘД бойынша облыстық олимпиада - 2-ші орын, «Намыс» облыстық олимпиадасында жалпы командалық 2 - ші орын (2017 ж.) «Намыс» облысында 2 орын (2018 ж.).
2018 жылдың қараша айында мектеп командасы Ғазиз Сейтжанұлы басшылығымен «Мен чемпионмын» атты халықаралық телевизиялық – спорттық ойынға қатысып, Ақмола облысының намысын қорғады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметпен байланыс жасаған түлектер мұғалімнің мақтанышы болып табылады. Бұл - ҚР ҰҚК академиясын үздік бітірген және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қолынан лейтенант погондарын алған Ж. Ахметов теңіз жаяу әскерінде мерзімді қызмет әскери қызметшілерін даярлауды жүргізуші Т. Горбунов. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің еңбегі лайықты бағаланды. Ғазиз Сейтжанұлы аудандық білім бөлімдерінің, білім басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, Қазақстанның әскери-патриоттық одақтарынан Алғыс хатымен, «Алтын жұлдыз» «Балалар үшін» ҚБ төс белгісімен, екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бегелдиновтың медалімен, «Отан» РҚБ құрметті белгісі» медальдарымен марапатталған.
Жолдыбаев Ғ. С. өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде сарқылмас күш-жігері мен кәсіби адалдығы үшін әріптестер мен оқушылардың лайықты беделіне ие.