Текст
Біздің Республикамыздың президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан экономикасын дамытудың жеті басымдығының бірі адами капиталды дамыту және жаңа буындағы білім беруге инвестициялар болып табылады.
Бүгін, 2021 жылғы 14 сәуірде колледж студенттері арасында ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының ашылуы өтті. Ол үздік жобаларды анықтауға, жастарға өзін көрсетуге, жаңа таланттарды ашуға мүмкіндік береді. Конкурсқа Ақмола және Орал облыстары колледждерінің студенттері қатысты.
Ақмола облысының білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің атынан ТжКБ бөлімінің басшысы С. С. Сералина құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушыларға шығармашылық табыс және одан әрі кәсіби өсу тілейміз!