2020 жылғы 17 қыркүйекте «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерін шешу бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің басшылары, білім басқармаларының жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелді мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Ерманова Мариям Наятқызы және «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ақпараттық - талдау бөлімінің басшысы Тюлебаева Гүлмира Қайратқызы ашты.
Қарағанды облысы білім басқармасының жанындағы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бұғыбаева Алмагүл Даниярқызы сөз сөйледі. Ол мектепке дейінгі және мектепалды жастағы балаларға арналған тәрбие-білім беру процесін сапалы ұйымдастыру бойынша өңірде жүргізіліп жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісті, проблемаларға және оларды шешу жолдарына тоқталды.
Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдіскері Қажахметова Айман Негметжанқызы мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру бойынша өңірдің және кезекші топтардың жұмысы жайлы айтып өтті.
Петропавл қаласы, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының қызметімен әдіскер Петилина Светлана Анатольевна таныстырды.
Дөңгелек үстел соңында жұмыс барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланды.