2020 жылғы 30 қазан күні «Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» балалар мен жастардың құқықтары, антибуллинг мәселелері бойынша қашықтықтан облыстық семинар өтті.
Семинарға «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті, құқық магистрі, кәсіби медиатор, сертификатталған жаттықтырушы Сайлаубай Әсел, Ақмола облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының полиция подполковнигі, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуандықова Айнагүл Асылбекқызы, «Expo&Women» халықаралық ұйымының басқарма төрайымы, Ақмола облысы бойынша «BIRGEMIZ BILIM» жобасының жетекшісі Асқарова Лязат Қажитайқызы, «Со-Бытие» психологиялық орталығының директоры Терентьева Ирина Михайловна, Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтары, сынып жетекшілері қатысты. Барлығы 100 адам.
Семинар қорытындысы бойынша балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша ұсынымдар ұсынылды.