«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогикалық идеялардың вернисажы» педагогикалық шеберлігінің сырттай онлайн-конкурсы туралы ақпарат

26.02.2021

Оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы 1 - 25 ақпаны аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялардың вернисажы» педагогикалық шеберлігінің сырттай онлайн-конкурсын өткізді.

Конкурс жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және қолдану бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жалпылауға және таратуға, сондай-ақ оқыту сапасын жақсарту мәселелерінде педагогтердің белсенділігін ынталандыратын қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Онлайн-конкурсқа Ақмола облысының 70 педагогі қатысты.

Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: педагогикалық инновациялар; оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары; Оқу-әдістемелік кешен.

Конкурс  қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

«Педагогикалық инновациялар» бағыты бойынша:

1 орын - Куанышбекова Ардак Иргебаевна, Жақсы ауданы «Кировское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі

2 орын - Балабекова Гульжан Бирликовна, Атбасар қаласы  «№ 7 орта мектебі»  КММ математика пәнінің мұғалімі

2 орын - Камалиева Тоты Амандыковна, Біржан сал ауданы «Ангал батыр ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі

3 орын – Косарева Полина Владимировна, Бурабай ауданы «Зеленый Бор ауылының мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі

«Оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары» бағыты бойынша:

1 орын – Калиев Берик Улиханович, Ақкөл ауданы «Ж.Бектұров атындағы №3 орта мектебі» ММ математика пәнінің мұғалімі

2 орын – Нечаева Светлана Валентиновна, Есіл ауданы «Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі

3 орын – Актаева Жулдыз Серикбаевна, Бурабай ауданы «Наурызбай батыр атындағы негізгі орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.

«Оқу-әдістемелік кешен» бағыты бойынша:

1 орын - Куриленко Светлана Александровна, Бұланды ауданы «Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі

2 орын -  Янченко Светлана Алексеевна, Бұланды ауданы «Макинск қаласының мектеп-гимназиясы» КММ

2 орын -  Семенова Елена Анатольевна, Степногорск қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі.

3 орын - Ершова Людмила Ивановна және Мисник Екатерина Александровна, Ақкөл ауданы Домбыралы ауылы «Горький атындағы ауылы мектеп-балабақшасының математика пәнінің мұғалімдері

3 орын - Елюбаева Гайша Ищановна,  Зеренді ауданы «Айдабол орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі

3 орын -  Дворникова Ольга Михайловна, Сандықтау ауданы «Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі» КММ математика және физика пәнінің мұғалімі

3 орын - Абеуова Гулистан Куанышовна, Аршалы ауданы «Қостомар негізгі мектебі» КММ математика және физика пәні мұғалімі

Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдары мен сертификаттары табыс етілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 1.jpg
  • 2.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.02.2021 11:24
Құрылған күні: 26.02.2021 11:26

Текст