«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жыл отбасы» облыстық сырттай конкурсы туралы ақпарат

30.10.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Жыл отбасы» атты облыстық сырттай конкурсы өтті. Конкурс ағымдағы жылдың 28-29 қазанында қорытындыланды. Аталған іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының 19 отбасы қатысты.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

1 орын – бірінші дәрежелі диплом және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Атбасар қаласы Азамат Наркескенұлы Әбдірахмановтың отбасына;

2 орын – екінші дәрежелі диплом және 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Аршалы ауданы Руслан Жалғасбайұлы Махановтың отбасына;

2 орын – екінші дәрежелі диплом және 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Астрахан ауданы Назірхан Тынханның отбасына;

3 орын – үшінші дәрежелі диплом және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Бұланды ауданы Нацаренус Дмитрий Викторовичтің отбасына;

3 орын – үшінші дәрежелі диплом және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Қорғалжын ауданы Дулат Сайлаубекұлы Серікпаевтың отбасына;

3 орын – үшінші дәрежелі диплом және 65 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат Целиноград ауданы Талғат Амантайұлы Құрманғалиевтің отбасына берілді.

«Талантты отбасы» номинациясы бойынша Есіл ауданынан Жорабек Абай Жұманұлы отбасы, «Мерейлі отбасы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласынан Рамазанов Еркеш Серікұлы отбасы, «Ұлағатты отбасы» номинациясы бойынша Біржан Сал ауданынан Шәріпов Бауыржан Бектемірұлы отбасы, «Алтын жүрек» номинациясы бойынша Шортанды ауданынан Арын Егор отбасы, «Ең спорттық отбасы» номинациясы бойынша Сандықтау ауданынан Иван Константинович Спиридониди отбасы, «Счастливое созвездие» номинациясы бойынша Степногорск қаласынан Дениса Александровича Чумаковтың отбасы, «Шығармашыл отбасы» номинациялары бойынша Бурабай ауданынан Владимир Владимирович Егориннің отбасы марапатталды.

Осы іс-шараның барлық қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

  • 5 (1).JPG
  • 3 (1).JPG
  • 3 (2).JPG
  • 4.JPG
  • 1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.10.2020 22:36
Құрылған күні: 30.10.2020 22:36

Текст