Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және үш тілді білім беруді дамыту аясында 2020 жылы Ақмола облысының 560 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 376 адам Қазақстан Республикасының орта (291) және мектепке дейінгі (85) білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтында және Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында («Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы - 298, ПШО - 262) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қысқа мерзімді және деңгейлік біліктілікті арттыру курстарында 184 педагог оқыды:
- ББЖБАРИ базасында 23 адам: орта білім берудегі менеджментті жетілдіру бойынша – 15, инклюзивті білім беру педагогтары – 5, робототехника негіздері бойынша – 3;
- БАИ базасында 118 педагог қызметкер, оның ішінде АӘД оқытушылары – 20, орыс тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері –2 5, қазақ тілінде оқытатын орыс тілі пәні мұғалімдері – 24, аға тәлімгерлер – 25, ағылшын тілі пәні мұғалімдері – 24;
- ПШО-да «Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша – 44 педагог.
«Физика», «Информатика», «Химия», «Биология» пәндері бойынша 284 педагогы «Менторлық» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыруды жалғастыруда.
Сауле Алиева,
Ақмола облысы білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ
ұйымдастыру-талдау жұмысы және курстық дайындық
бөлімінің басшысы