«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инклюзивті білім беру: зерттеу, практика, тәжірибе

30.10.2020

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты 29 қазан күні «Инклюзивті білім беру: зерттеу, практика, тәжірибе» атты Халықаралық on-line конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік (Дания, Ресей, Беларусь), ғалымдар инклюзивті білім беруге жауапты білім басқармаларының (бөлімдерінің) мамандары, білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беру және арнайы түзету мектептері) педагогтері, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты –инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша еркін пікір алмасу және ғылыми зерттеу нәтижелері үшін диалог алаңын құру, аймақтағы инклюзивтік тәжірибені дамытуда мамандар мен қоғам күштерін біріктіру, отандық және шетелдік зерттеушілердің арасында ғылыми байланыстар орнату, өзара тәжірибемен бөлісу.

Ақмола облысынан спикері - Көкшетау қаласы, № 19 орта мектебінің инклюзивті білім беру үйлестірушісі, мұғалім-дефектолог Ілияс Әбілқазыұлы Жанғали «Көкшетау қаласы, №19 орта мектебінің инклюзивті білім беруді енгізу жұмысы тәжірибесінен» атты баяндамасымен таныстырды. Бұл баяндамада қатысушыларға, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді енгізу бойынша Ресурстық орталығының жұмысымен, білім алуында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, әдістемелік көмек көрсету туралы ақпарат беріп, олармен жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім беру тәжірибесімен бөлісті.

  • Конференция 2.jpg
  • Конференция 4.jpg
  • Конференция 1.jpg
  • Конференция 3.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.10.2020 22:10
Құрылған күні: 30.10.2020 22:10

Текст