Текст
Ақмола облысының мемлекеттік колледждері арасында жыл сайынғы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурсқа қатысуға колледждерден 16 өтінім келіп түсті. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарап, «Степногорск қаласының индустриялық - техникалық колледжі» МКҚК жеңімпаз деп танылды. Конкурсты өткізу тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытындылауға және таратуға мүмкіндік береді.
Конкурстың барлық қатысушыларына қызықты және мазмұнды жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз! Жеңімпазды құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!