«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Клименко Галина Анатольевна

22.10.2020

Кәсіптік білімнің 80 жылдығын мерекелеуга орай  қарсаңында біздің шынайы алғыс сөздеріміз жас қазақстандықтардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген, өз кәсібіне адал болған педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналады.

Галина Анатольевна Клименко Есіл қаласының агротехникалық колледжінде 1983 жылдан бастап физика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. 1977-1983 жылдары С.Сейфуллин атындағы  Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының «Физика қосымша мамандығы бар жалпы техникалық пәндер» мамандығы бойынша «Жалпы техникалық және физика пәндерінің мұғалімі» біліктілігімен аяқтап, алғаш рет Есіл колледжінің табалдырығын аттады.

Галина Анатольевнаның көп жылдық еңбегі қуаныш пен қайғыға, батылдыққа және ізденістерге, өз отбасы мен оқушылар үшін қорқыныш пен толқуларға толы болды. Әйел- мұғалім, бұл тек қиын мамандық қана емес, ол жоғары миссия, оның мақсаты жеке тұлғаларды құру, мәңгілік даналық пен шыдамдылықты сынайтын, кәсіби шеберлік және адами ерекшелікті қалыптастырады.

Галина Анатольевнаның педагогикалық жұмысы ҚР БҒМ және Ақмола облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Педагогтың кәсіби және шығармашылық қызметіндегі ерекше жетістіктері «Қазақстан мақтанышы: Білім және ғылым»  энциклопедиясының библиографиялық мақаласында жарияланды.

Бүгінде 37 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар, жүздеген түлектерге білім берген, құрметті еңбек демалысына шықсада сүйікті колледжде еңбек жолын жалғастыруда,  жоғары кәсіби білімге ие, ғылыми және күнделікті даналығы, тамаша шешендік және қабылеттілігі, әрқашан балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен қарым қатынас үшін негіз болды.

  • Клименко 5.JPG
  • Клименко Г.А..jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.10.2020 22:19
Құрылған күні: 24.10.2020 12:51

Текст