«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысының мектептерінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша үштілділікті жүзеге асырудың тиімді моделі» тақырыбында дөңгелек үстел

14.06.2019

2019 жылғы 14 маусымда «Ақмола облысының мектептерінде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша үштілділікті жүзеге асырудың тиімді моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Семинарға 83 адам қатысты.

Іс-шара облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен ұйымдастырылды, оған Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән мұғалімдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаттықтырушылары  қатысты.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п. ғ. к. Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы құттықтау сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына Ақмола облысында үш тілді білім беруді енгізу тәжірибесі мен талдауы жөнінде баяндамалар, заманауи әдістер мен инновациялар, ЖҒБ пәндер сабақтарында үш тілді қолдану тәжірибесі туралы шеберлік сағаттар мен коучингтер берілді.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында оқу процесіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және ЖҒБ пәндер бойынша педагогтардың кәсіби және тілдік құзыреттілігін арттыру арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ұсынылды.

Дөңгелек үстел Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бекбай Кенжебай Айдосұлының баяндамасымен аяқталды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.

Бүгінгі шара Ақмола облысының білім беру қызметкерлерін жаңа оқу жылында жүзеге асыру үшін жаңа идеялармен толықтырады деп үміттенеміз.

 

 

  • IMG_1838-14-06-19-04-27.JPG
  • IMG_1835-14-06-19-04-27.JPG
  • IMG_1836-14-06-19-04-27.JPG
  • IMG_1837-14-06-19-04-27.JPG
  • IMG_1839-14-06-19-04-27.JPG
  • IMG_1834-14-06-19-04-27.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 14.06.2019 16:38
Құрылған күні: 14.06.2019 16:38

Текст