«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТжКБ педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары

12.11.2020

Кадрлардың біліктілігін арттыру-бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны.

Колледж педагогтері Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған курстарда білімдерін жалғастыруда.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесіне балдық-рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді, ол оқытушыға білім алушылардың санаттарын саралауға және оның оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді, оқудағы  және жеке жетістіктерінің өзін-өзі бағалауына әсер етеді. Осыған байланысты курстардың тақырыбы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері».

Колледждердің дене шынықтыру пәнінің 80-нен астам оқытушысы «Орта білім мазмұнын жаңарту» қашықтықтан оқыту курсында оқиды.

Курс бағдарламалары өзекті педагогикалық мәселелерді шешуге - бағалау жүйесін ТжКБ жүйесінің қойылған мақсаттарына сәйкес келтіруге, педагогтерге оқу және білім беру процесінде мазмұнды да, әрекеттік мақсаттарға қол жеткізу деңгейінің технологиялық өлшеуіштерін әзірлеуге көмектесуге бағытталған.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімі

  • 2.jpg
  • 1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.11.2020 20:37
Құрылған күні: 12.11.2020 20:37

Текст