Өзің оқы, өзгені оқыт және шабыттандыр
Білім беруде біліксіз мамандар қалмайды, себебі олар өз ісін және балаларды сүйіп, педагогикаға адал болып қала береді.
Лазорский Антон Михайлович - арнайы пән оқытушысы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, бірден білім саласына келген жоқ. Бірақ келгеннен кейін, сөзсіз оқытуды шешті - бұл оның ісі деп білді. Өзін жетілдіру, басқаларды оқыту және рухтандыру - өмірдің мәніне айналды. Заманауи білім беру жүйесі оқытушыларға жаңа талаптар қояды: өз мамандығының ұлан-байтақ және тереңдетілген білімі; заманауи педагогикалық технологиялар; оқушылары мен ісіне деген сүйіспеншілік, ішкі әлемінің тереңдігі. Жастық шағына қарамастан, Антон Михайлович осы қасиеттерге ие, бірақ осы жетістіктерімен тоқтаған емес: «Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауды ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Беларусь Республикасында, «Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесін жақсарту» тақырыбы бойынша Жапонияда тағылымдамадан өтті. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған «Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру» және «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Педагогтың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбы бойынша on-line режимінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Көптеген ашық сабақтар мен іс-шараларда әріптестермен өзінің тәжірибесімен бөліседі. Облыстық семинар-практикумда «Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің нәтижеге бағытталған білім беру моделі мен қызметіне кәсіби-тұлғалық дайындығы» бойынша шеберлік сағатын өткізді. «Студенттер тобымен жұмыс жасауға Жапон тәсілі немесе «2-6-2» теориясы; G-Global; «Білім беру бағдарламаларын жаңарту жағдайында құзыреттілікті қалыптастыруға Жапондық тәсіл» - №2 Мұғалім журналы, 2016 жылы; «Жұмыс әдебі мен бірлескен мәдениет» - «Қазақстан кәсіпкері, 1-2017», 2017 жылы бірнеше рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
А.М.Лазорский әртүрлі әдістемелік жұмыстармен айналысады. Ол «Графикалық орталарды жобалау», «Желі деректерін беру», «Сандық байланыс желілері» және «Қолданбалы информатика» пәндері бойынша жұмыс оқу бағдарламаларының авторы.
Оның ғылыми-әдістемелік зертханасына көз жүгіртсек: шығармашылықпен үйлескен білімді меңгеру, үздіксіз ізденіспен, креативті ойлаумен, инновациялық технологияларды қолданып; шығармашылық оқу-тәрбие қызметін, құзыреттілікті, әр студентті – тұлға ретінде көретінін байқаймыз. Антон Михайлович сабақтарды және қосымша сабақтарды өткізу кезінде дәстүрлі әдістерді қолданып қоймай, сонымен қатар жаңашыл технологияларын қолданады. Осы оқытушымен кездескен сайын ол оқушыларды белсенділікке, ойлауды дамытуға, дербестікке, шығармашылыққа ынталандырады. Студенттер "Робототехника" үйірмесіне қызығушылық танытып, бірнеше рет робототехника бойынша облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Студенттер «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты бейнероликтерімен аудандық байқауына қатысып 3-ші орынға ие болды.
А.М.Лазорский студенттік қызметін ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру - болашақ мамандыққа, өмірге дайындаудың білім берудің бірегей түрі деп есептейді.
Мұғалім үшін ең үздік марапат – оның кәсібилігін оқушылардың, қоғамның мойындауы. А.М.Лазорский адал еңбегі мен кәсіпқойлығы үшін Ақмола облысы Білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен (2016ж.), Білім беру жүйесіндегі адал еңбегі үшін Облыстық кәсіподақ Құрмет грамотасымен (2019ж.), «Ұстаз 2018» облыстық спартакиадасына белсенді қатысқаны үшін грамотамен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында STEM білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хатымен (2018ж.) марапатталды.
А.М.Лазорский 2017 жылы облыстық «Үздік педагог – 2017» байқауында Гран-при иегері атанып, Республикалық деңгейде өзінің жеңісін растады.
Антон Михайлович қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өзінің кәсіби деңгейін арттыруын жалғастырып, заманауилығымен, оптимизмімен, ширақтылығымен әріптестері мен студенттерді қуаттайды.