Шымкент қаласында 2025 жылғы 26-28 қыркүйек аралығында Мұғалімдер күніне арналған «USTAZ CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: педагогтер арасында пікірсайыс мәдениетін дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру, сыни ойлау дағдыларын, шешендік шеберлікті және педагогтердің көшбасшылығын жетілдіру.
Бұл ұстаздардың кәсіби өсуіне, білім беру сапасын арттыруға және білім беру кеңістігіне пікірталас мәдениетін енгізуге бағытталған маңызды жоба.
Турнирге елімізде пікірсайыс технологияларын мектептерде таратып жүрген педагогтерден құрылған ең үздік 20 фракция барлығы қатысты. Жиналған ұстаздар балаларды оқыту мен оларға тәрбие беру үрдістерінде проблемаларымен қатар жалпы еліміздің дамуындағы жаңа реформаларды талқылады.
Ақмола облысынан турнирге Бурабай ауданынан «Шың» фракциясы қабылданды, оның құрамында Зеленый бор ауылының қазақ тілі мен әдебиеті мектеп–гимназиясының директоры Рахымжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Урумкай ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Дағыстан Алтынбек қатысты.
Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша біздің команда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІорынға ие болды.