«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Матвиевская Галина Васильевна - Целиноград ауданы Ақмол а. № 5 ОМ орыс тілі мен әдебиеті, география пәнінің мұғалімі

15.02.2019

Үздік ұстаз! 
«Адамның ең жақсысы – ұстаздан» - деген ұлы Абайдың бұл қанатты сөзі Ақмол ауылы №5 орта мектебінің мұғалімі Галина Васильевна Матвиевскаяның сипатына сай келеді. Галина Васильевна - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, екінші диплом бойынша география пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, ауданның үздік мұғалімі. Галина Васильевна оқытушылық тәжірибесін, білімін және оқушыларды оқыту процесін, шығармашылығын жан-жақты біріктіретін педагогтар қатарына жатады. 
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Бала алдында білім әлеміне есік ашатын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін, болашағының негізін қалайтын талантты мұғалімнің еңбегін бағалау қиын... Мұғалімдер өз оқушыларының бақытты адам болып өсуі үшін әрқайсысына көп күш-жігер жұмсайды, еңбек етеді, әртүрлі жағдайларға төзімді болады.
Әр күн сайын, жыл сайын біздің мұғалім өз өмірін балаларға арнайды. Галина Васильевна Ақмол а., №5 орта мектебінде 34 жыл жұмыс істейді, осы мектептің түлегі. География, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, жаңашыл-шығармашыл мұғалім. Оның сабақтарында инновациялық әдістер, сын тұрғысынан ойлау әдістері мен тәсілдері қолданады. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде, көп оқиды, «Алжир» республикалық мұражайы жанындағы іздеу тобының мүшесі болып табылады.
Оқушылардың ғылыми қоғамын басқарады, оқушыларда ғылыми – іздеу дағдыларын дамытады. Өзінің педагогикалық қызметінде бес сынып түлектерін шығарып салды. Оның оқушылары зерттеу байқауларына қатысып, өлкетану бойынша жобалар жазады. 2018 жылғы 13-14 желтоқсан күндері «Ғылым баспалдағы» оқушылардың ғылыми - практикалық және зерттеу жұмыстарының VI Халықаралық конкурсында 7 сынып оқушысы Глушкова Арина I орын алды. Жоба жетекшісі Галина Васильевна қатысушы дайындағаны үшін дипломмен және Алғыс хатпен марапатталды. Бұл конкурс Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өтті.
Жоба тақырыбы: «Дәуірдің тарихи байланысы: Бутово және Алжир». Мұғалім мамандығы барлық уақытта ең құрметті, бірақ ең ауыр мамандық. Өз тәжірибелерін жастарға, тек өз бетінше өмір сүретін адамдарға жеткізе білу - бұл талант. Әрбір мұғалім өзінің шәкірті болашақта табысқа жетуді қалайды.
Бірақ мұғалімдер үшін ең басты қуаныш-оқушылардың алғысы, түлектер әрдайым өз мұғалімдерін жылы лебізбен еске алады және оған жиі келіп, Мұғалімдер Күнімен құттықтауға алғыс білдіруді ұмытпайды. Галина Васильевнаның оқушылары «Зерде» және «Дарын» облыстық жобаларының жүлдегерлері, география пәні бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы.
Галина Васильевнаның сабақтары танымды, қызықты: КТК, брейн-ринг, ойын сәттері. Деңгейлік бағдарламалардың барлық жеті модулін қолданады, жаңартылған бағдарлама бойынша өнімді жұмыс істейді. Оқушыларды әдеби шығармалар, эссе конкурстарына дайындауда үлкен тәжірибесі бар. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін көп жұмыс істейді. Өз өлкесін зерттеу арқылы пәнге деген қызығушылықты дамытады.
Аудан кітапханасымен бірлесіп оқырман іс-шараларын өткізеді. Біздің республикамыздағы мұражайларға, театрларға, қорықтарға оқушылардың сапарларын ұйымдастырады. Адал еңбегі және білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Целиноград ауданының 90 жылдығы құрметіне Галина Васильевна Құрмет медалімен марапатталды.
Педагог өз пәнін жақсы біледі, әдістемелік шеберлігі мол. Көп жылдық шығармашылық еңбегі үшін Галина Васильевна Матвиевская ҚР Білім Министрлігінің, облыстық және аудандық деңгейдегі Құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Галина Васильевна оқыту семинарларын, конференцияларды өткізуге белсенді қатысады, жас педагогтармен өз тәжірибесімен бөліседі. Оның педагогикалық жұмыс тәжірибесі облыстық деңгейде жинақталған.
Сынып жетекшісі ретінде ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленеді, балалардың жауапкершілік, белсенділік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелейді. 
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің шуағын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Осындай ұстаздардың бірі - Галина Васильевна.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.02.2019 09:52
Құрылған күні: 15.02.2019 09:53

Текст