АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Ақмола облысының білім басқармасы 2019 жылғы 29 қараша күні Көкшетау қаласында «Білім алушыларды кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы ұйымдар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірлескен қызметі туралы» І аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияға қатысуға шақырылады: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының арнайы білім беру ұйымдарының, ТжКОБ ұйымдарының педагог қызметкерлері (пән мұғалімдері; сынып жетекшілері; әдіскерлер; психологтар; әлеуметтік педагогтар; жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары; кітапханашылар; білім беру ұйымдарының басшылары; облыстық басқармалар мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері; білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін ҮЕҰ өкілдері).
Конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, «Кәсіпқор» Холдингінің, ҮЕҰ қатысуы жоспарлануда.
Конференцияны өткізудің мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКОБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру, педагогтарға әдістемелік және практикалық қолдау көрсету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) оқыту мәселелерінде білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл перспективаларын анықтау және талқылауға бастамашылық жасау, білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру, білім берудің әртүрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру болып табылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары
Талқылау мен пікір алмасуға арналған тақырыптар
Шетелдік тәжірибе. Кәсіптік бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері. Кәсіби ағарту. Кәсіби кеңес. Мектепте оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу.
Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу. Кәсіби өзін-өзі анықтау. Кәсіби іріктеу. Диагностика. Кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігі
Конференция қазақ, орыс тілдерінде өтеді.
Конференция регламенті
2019 жылғы 28 қараша |
Конференцияға қатысушылардың келуі |
2019 жылғы 28 қараша (09.30–12.30) |
Пленарлық отырыс |
2019 жылғы 29 қараша (14.00–18.00) |
Секция жұмысы. Қарарды қабылдау. Сертификаттарды табыстау. |
2019 жылғы 29-30 қараша |
Конференцияға қатысушылардың кетуі. |
Қатысу түрлері
Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар.
Материалдар электронды түрде ұсынылады: мәтіндік редактор MS WORD; формат А4, негізгі шрифт – Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – бір; мәтінді ені бойынша тегістеу; абзац шегінісі – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.
Жоғарғы жағынан – баяндаманың атауы көшірусіз, жартылай қалың бас әріптермен; әрі қарай бір жолдан кейін, ортасында – автордың аты-жөні мен тегі (бір баяндамаға немесе хабарға үш автордың қатысуы құпталмайды), бір жолдан кейін – ұйым, қала, автордың е-mail, бір жолдан кейін - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (150 сөзден артық емес) және түйінді сөздер (7 сөзден артық емес), әрі қарай бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиетке сілтемелер шаршы жақшада ресімделеді. Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды (1-қосымша).
Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Әрбір суретке мәтінде сілтеме болуы тиіс, суреттердің нөмірленуі - толассыз, суреттердің атауы жеткілікті толық ақпаратты қамтуы тиіс.
Материалдар барлық талаптарды сақтай отырып мұқият редакциялануы тиіс. Ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімнен кеш (2019 жылғы 18 қарашаға дейін) ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және авторларға қайтарылмайды.
Материалдар авторлық редакцияда жарияланып, автор ұсынылған материал үшін жауап береді.
Конференция сайтында тіркелу
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылғы 1 қарашаға дейін 2 қосымшаға сәйкес akmolakonferenc@mail.ru электрондық поштаға өтінім жіберу қажет.
Өтінімді қабылдау туралы растауды алғаннан кейін мақала мәтінін жоғарыда көрсетілген мекенжайға жіберу қажет.
Сертификаттар (сырттай қатысу түрі) қатысушылардың электрондық пошталарына жіберіледі.
Конференцияға қатысушылардың назарына!
Өтетін орны мен уақыты: Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 «Б» мәжіліс залы, 2019 жылғы 29 қараша.
Байланыс телефоны: Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, тел.: 8 (716-2) 72-23-43
Конференцияның ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысушыларды қарсы алу және орналастыру мәселелерімен айналыспайды. Қонақ үйлердегі орындарды брондауды конференцияға қатысушылар өз бетінше жүргізеді.
1 ҚОСЫМША
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ РӨЛІ
С. А. Шанкулов
Көкшетау қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Аңдатпа. Мақала саналы қоғам қалыптастырудағы мәдени мұраның маңыздылығына талдау жасауға, алдыңғы ұрпақтың және мәдениет естеліктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, дәстүрге деген ұқыптылыққа тәрбиелеуге арналған.
Аннотация. Статья посвящена анализу значения культурного наследия для формирования здорового общества, бережно относящегося к традиции, опирающегося на опыт предшествующих поколений и культурную память.
Abstract. The article is devoted to analysis of the value of cultural heritage for the formation of a healthy society, respect of tradition, based on the experience of previous generations and cultural memory.
Түйін сөздер: мәдени мұра, жалпы мәдениет, тұтынушы қоғам, тарихи ескерткіштер, мәдени ескерткіштер, мәдени мұраны таныту.
Ключевые слова: культурное наследие, массовая культура, общество потребления, памятники истории, памятники культуры, популяризация культурного наследия.
Key words: cultural heritage, mass culture, consumer society, culture and history, the protection of cultural monuments, popularization of cultural heritage.
Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні.
Әдебиеттер тізімі
1. Жұмабаев М. Таңдамалы. - Алматы: Ана тiлi, 1992. – 106 б.
2. Кожахметова К.Ж. Қазақ этнопедагогикасы: әдіснама, теория, тәжірибе. - Алматы: Ғылым, 1998. – 316 б.
3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы / «Әділет» АҚЖ http://adilet.zan.kz/rus/
4. Исигуро Х. Жапон эгалитаризмі туралы / / мектептердің мәдени үлгілері. – М.: ИПИ РАО, 1997. - (Білім берудің жаңа құндылықтары. 7 шығарылым). – 165-176 б.
5. Davies A., Fidler D., Gorbis M. Future Work Skills 2020. URL: http://www.iftf.org/uploads/media/ SR-1382A_UPRI_future_work_skills_sm.pdf
2 ҚОСЫМША
ӨТІНІМ
Аты-жөні (толық) |
|
Жұмыс орны |
|
Лауазымы |
|
Ғылыми / академиялық дәрежесі, атағы |
|
Индексі бар пошталық мекен-жайы |
|
Байланыс телефоны |
|
Электронды пошта |
|
Конференция жұмысының бағыты |
|
Баяндаманың тақырыбы |
|
Қатысу түрі |
|
Қосалқы автор: |
|
Аты-жөні (толық) |
|
Жұмыс орны |
|
Лауазымы |
|
Ғылыми / академиялық дәрежесі, атағы |
|
Индексі бар пошталық мекен-жайы |
|
Байланыс телефоны |
|
Электронды пошта |
|