Ұстаздық мамандықтың сара жолы
Жер бетіндегі барша мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын, сан-салалы ғылым сырын ұқтыратын бірден-бір мамандық иесі – ҰСТАЗ! Қазақта «Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді» деген қанатты сөз бар. «Ұстаз» деген ұлы сөзге ерекше құрметпен қарайтындығы белгілі. Нұргүл Серікқызының осы құрметті мамандықты таңдау себебі – бала күнгі арманының жетегі деп есептейміз. Аталған мамандықты меңгеріп, оның қыр-сырын ұғынып, жанымен сүйіп, түйсініп таңдауына баланы жанындай жақсы көруі бірден-бір себеп. Өйткені, ұстаздық – заманның талабын, қоғамның өзгерісін терең сезініп, шәкірттердің білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыз. Сондықтан, шәкірттеріне өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы болуға тырысуда.
Студенттердің білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, кәсіби маман даярлау мақсатын жүзеге асыру үшін әр оқытушы өз білімін шыңдап, кәсіби құзыреттілігін көтеру керек. Оқытушы ретінде өзгерісті өзінен бастап, өзінің тұлғалық қасиреттерін жетілдіруге үлкен мән беру керек. Нұргүл Серікқызы өзінің педагогикалық іс-тәжірибесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері: сынип тұрғыдан ойлауды дамыту жолдары, диалогтік оқытудың оқыту үрдісіндегі маңызы т.б. сияқты өзекті мәселелердің негізін меңгере білді. Бұл ұстаздың алдағы уақыттағы педагогикалық қызметіне үлкен құнды азық деп білеміз.
Болашақ педагог мамандарды даярлауда сабақтың жаңа мазмұнын ашу жолдарын, студентті сабаққа белсенді қатыстыруда стратегияларды жүйелі қолдану арқылы студенттердің жұмысын ұйымдастырудың жаңа қырларын меңгерту, танымдық белсенділіктерін арттыруда маңызды.
Білім – үздіксіз, өмір бойы жүретін процесс. Ұстазды ұстаз қылатын – өмір. Баланың өмірде өз жолын анықтап, өмірдің жүйелі кезеңдерінен өтір, белгілі бір ұжымға еніп, өз орнын таба білуіне жол көрсетіп, бағыт беруші – Ұстаз! «Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, алдына келген әр шәкіртіне тәлім-тәрбие беріп, жол көрсетіп келеді. Әрбір ұстаз алдында, міне, осындай студент тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу, әсіресе, тұлғаны балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше. Егер ұстаз бойынша батылдық, ерлік, жігер, ынталылық, табандылық, өзін танып білуі, кәсіби таным кеңдігі сияқты қасиеттері болса, шәкіртінің жемісін көретіні сөзсіз. Бұл қасиеттер Нұргүл Серікқызының бойында бар екендігіне еш күмән келтірмейміз.