«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Муталлапова Қымбат Орынбайқызы ауданының әкімдігінің «Игілік орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

18.05.2020

 

Ұстаз – еңбегімен ардақты

 

Ұстаздықтың жолын мен де таңдадым,

Тәрбиенің көзі деп те санадым.

Халық жүгін көтеруге қашанда,

Үлесімді қосуға да жарадым.       

 Ұстаз-ұлы тұлға, ұлы есім. Әр ұстаз «Әлемге мұғалім болып жіберілген» әлемнің екінші ұстазы - Әл-Фараби бабамыздың ізбасары, ағартушылық қызметтің өшпес жұлдыздары – Ыбырай, Абай, Ахметтің ұрпағы және еліміздің ертеңі жарқын болашағы - бүгінгі жастардың тәлімгері.

Әр халықтың тілімен сол елдің салт-дәстүрі, мәдениеті мен тәрбиесі сол ұлт өкілінің бойына дариды. Тілімен бірге ұлтының барлық қадір-қасиетін білеміз, танимыз. Ана тілін арына балап, өзінің саналы ғұмырын мемлекеттік тілді шәкірттеріне үйретуге арнап, үнемі ізденушілікпен келе жатқан Игілік орта мектебінің ұлағатты ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Муталлапова Қымбат Орынбайқызы.

Қымбат Орынбайқызының шәкірттері жыл сайын пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Сонымен қатар «Жарқын болашақ», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» сайыстарының жүлделі орын иегерлері.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Ұлы ұстаздың осы сөздерінің дәлелі ретінде Қымбат Орынбайқызының білім беру жолындағы ерең еңбегін атап өтпеуге болмас. 2018-2019 оқу жылында республикалық семинарға қатысты. 9,10-сыныптар оқулықтарының авторларымен кездесіп, оқулық талқылау, талдау жұмыстарына ат салысты.  

Жыл сайын Республикалық «Ақбота»  марафонына  оқушылары қатысып жүлделі орны, сертификат иегерлері атанады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша облыстық байқаудан жүлделі бірінші орынмен оралды.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.

Осы мұғалім бейнесі Қымбат Орынбайқызының бойынан табылады, өткізген шараларының арқасында балалар жаңа мағлұматтарды тез есте сақтап алады. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтарында көптеген әдістерді тиімді пайдаланып, ұтымды ұйымдастырып,  үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесі Қымбат Орынбайқызының ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орны биік.

Еңбегі еленіп, аудандық, облыстық білім басқармасынан «Құрмет грамотасын», аудандық әкімнен «Мадақтау қағазын алды. Аудандық «Ауылдың үздік ұстазы» сайысының жүлдегері атанды.

 

 

 

 

 

  • Игілік ОМ, Муталлапова-2.JPG
  • Игілік ОМ, Муталлапова-3.JPG
  • Рисунок1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.05.2020 13:21
Құрылған күні: 18.05.2020 13:21

Текст