Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қашықтықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттыру механизмі мен әдістемелері әзірленді.
Қазақстан Республикасының Білімді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы Ақмола облысының 3495 педагог кадрларын оқытуды жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы қаласындағы «Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру институтында – 133, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы базасында – 1023, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында – 2159, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкепкерлер палатасы бойынша – 120 және «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес АҚ базасында – 60 педагог.
2021 жылғы 1 тамыз күніне 2272 педагог кадрлары түрлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.
Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында – 1581педагог төмендегі курстар бойынша оқып шықты:
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы базасында қысқа мерзімді курстарында (мемлекеттік тапсырыс) 541 педагог оқып шықты және Алматы қаласындағы «Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру институтында 100 педагог курс аяқтады, оның ішінде менеджмент тақырыбында – 75, инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша 25 педагог оқыды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» біліктілікті арттыру курстарында 39 педагог өтті (1- лек) және «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» коммерциялық емес АҚ 11 педагог оқып аяқтады.
Барлық курстар қашықтықтан оқыту форматында өткізілуде.