Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 5 қараша күні техникалық және кәсіптік білім берудің жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында әдістемелік бірлестіктің облыстық вебинары өтті.
Вебинарда колледж оқытушылары мен ТжКБ бөлімінің әдіскерлері сөз сөйледі. Орта білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Хусаинова С.К. «Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда сыни ойлау технологиясын қолданудың нәтижелілігі» тақырыбы бойынша және Красный Яр ауылы агротехникалық колледжінің қазақ тілі оқытушысы Елеушова М.Ж. «Кәсіптіқ қазақ тілі сабығанда студенттердің танымдық мотивацияларын арттыру жолдары» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы мен артықшылығы, педагогтың кәсіби құзыреттілігі, Power Point бағдарламасын пайдалану жөнінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Идрисова З.О., Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Набатова Е.В. және Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің оқытушысы Стрекозина Т. А. баяндады. Облыстық вебинарға 120-дан астам педагог қатысты.
Вебинарлар өткізу мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға, цифрлық дағдыларды дамытуға ықпал етеді және болашақта олардың кәсіби қызметін жандандыруға қызмет етеді.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімі