Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 4 ақпанда техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің облыстық вебинары өтті.
Қатысушылар алдында білім басқармасы бөлімінің әдіскері Жумажанова С. Б. құттықтау сөз сөйлеп, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинарда келесі педагогтер баяндама жасады: «Педагогикалық құзыреттер бойынша мамандарды даярлау мүмкіндіктері» директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары К.С. Мукушева, «Worldskills чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша құзыреттілік ерекшеліктері» Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары С.А. Әмірова, «Қашықтықтан оқыту жағдайында бағалау процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдері» Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ жанындағы көпбейінді колледж оқытушысы А.Е.Бейсембина.
Аралас және қашықтықтан оқытудың маңыздылығы мен артықшылығы туралы педагогтар Бакбергенов К. А., Вишняков Д. Д., Степногорск қаласының Индустриалды-техникалық колледжінің оқытушылары бөлісті.
Облыстық вебинарға 70-тен астам педагог қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ
4/02/2021