«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыс педагогтарының озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау

05.05.2020

Оқу-әдістемелік кабинеттің үйлестіру жұмысының бағыттарының бірі-шығармашылық ізденістің элементтері, жаңашылдығы, педагогикалық қызметтің бірегейлігі болуы тиіс облыс педагогтарының озық педагогикалық тәжірибесінің облыстық деректер қорын құру болып табылады.

Деректер қоры педагогтардың инновациялық тәжірибесін тарату және қазақстандық білім беруді жаңғырту процесін қамтамасыз ететін тәсілдер негізінде озық педагогикалық тәжірибені енгізу, сондай-ақ педагогтарды білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыру мақсатында құрылады.

2020 жылы озық педагогикалық тәжірибені жинақтау үшін облыс педагогтарының 147 жұмысы ұсынылды (126 – орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан және 21 – колледждерден).

Педагогтердің жұмыстарын облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің сараптамалық кеңесі келесі критерийлер бойынша бағалады: педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі, оқу-тәрбие жұмысының жоғары және тұрақты нәтижелері; өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; оқу-тәрбие міндеттерін тиімді шешу; тәжірибе жаңалығы; педагогикалық қызметтің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану. Сараптамалық кеңес мүшелері ұсынған жұмыстардың ішінде бірінші кезеңде мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының 39 жұмысы және облыстық Ереженің критерийлеріне сәйкес колледж оқытушыларының 16 жұмысы анықталды.

Екінші кезеңде ҚР БҒМ орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанындағы Республикалық Сараптау кеңесінің талаптарына сәйкес толықтырулар мен түзетулер бойынша аталған жұмыстардың авторларымен бірлесіп жұмыс жүргізілді.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес мүшелері республикалық Сараптамалық кеңестің критерийлеріне сәйкес келетін 9 жұмысты (5 орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан және 4 колледждерден) іріктеп алды.

Л. Н. Толстой «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз» деген. Мұғалім тынымсыз еңбек етіп, көп ізденіп, шығармашылық бағытта адал жұмыс істеген жағдайда ғана жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Біздің облыс педагогтарының шығармашылық өсуі әрқашан жоғары деңгейде болуын, жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмауды, жылдан жылға біздің тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуі үшін мақсатты жастардың бір буынын тәрбиелеп шығаруды тілейміз!

 

Сауле Алиева,

Ақмола облысы білім басқармасының

«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ

ұйымдастыру-талдау жұмысы және

курстық дайындық бөлімінің басшысы



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.05.2020 16:03
Құрылған күні: 05.05.2020 16:03

Текст