«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж педагогтары экология мәселелерін талқылауда

21 ғасырдың табалдырығын аттай отырып, әлемдік қауымдастық қауіпсіз экологиялық ортаны сақтау саласындағы маңызды проблемаларға тап болды: климаттың жылынуы, озон тесіктері, табиғаттың ластануы, тұщы су қорының азаюы және басқа да көптеген экологиялық проблемалар.

Бұл проблемалар біздің елімізді де айналып өтпеді, көптеген аймақтарда экологиялық жағдай қолайсыз ғана емес, сонымен бірге өте апатты жағдайда. Топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, атмосфераның ластануы, ормандар санының қысқаруы, радиациялық ластану, қауіпті және улы қалдықтардың жинақталуы – осы және басқа да мәселелер ел басшылығының тұрақты бақылауында.

17 наурызда республика және жақын шетел колледждерінің педагогтары Щучинск қаласының экология, орман шаруашылығы және туризм жоғары колледжінің on-line платформасында жергілікті және жаһандық мастштабтың экологиялық проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында кездесті.

Конференция қатысушыларына Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазов құттықтау сөз сөйледі.

Вебинарға 100-ге жуық адам қатысты. Әр түрлі пәндер оқытушылары қызықты, әрі өзекті баяндамалар ұсынды, жастарды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістерін талқылады, сыныптан тыс іс-шараларды өткізу, эко үйірмелерін құру, экологиялық жобаларды әзірлеу тәжірибесімен алмасты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Шучинск қаласының экология, орман шаруашылығы және туризм жоғары колледжі.

Ғылыми-практикалық конференция өткен колледж Ақмола облысының бұрыннан қызмет етіп келе жатқан кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Колледж 1898 жылы құрылған және жоғары мәртебеге ие болды. Колледжде 2019 жылдан бастап эксперимент режимінде «Ауыл шаруашылығы экологиясы» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілуде.

Экология, орман шаруашылығы және туризм жоғары колледжі  «Қоршаған орта және орман шаруашылығы» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік болып табылады. Колледж педагогтері  «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс», «Экология және табиғат қорғау қызметі» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Аталған конференция педагогтердің білім беру әлеуетін қалыптастыруға, педагогтің біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Ақмола облысында 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар. Біздің колледждердің студенттері экологиялық акцияларға қатысып, экология апталарын және экологиялық іс-шараларды белсенді өткізеді.

Жаңартылған күні: 17.03.2021 17:41
Құрылған күні: 17.03.2021 17:41

Текст