2020 жылғы 30 қарашада онлайн режимінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің «Қызмет көрсету саласы» әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Педагогтер колледждерде аралас оқыту мәселелерін талқылады. Төрайым Қ.С. Жансейітова семинар қатысушыларын әдістемелік бірлестіктің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Семинар жұмысына 50-ден артық педагог қатысты. Есіл қаласы агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Г.К.Тасмағамбетова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Арнайы сабақтарда студенттік орталықтандырылған оқыту» тақырыбында тәжірибені жинақтады. Есіл қаласы агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Н.Н. Рахматуллина қашықтықтан оқыту аясында практикалық сабақтарға арналған электрондық оқу-әдістемелік құралдардың жасалуымен бөлісті. Пандемия кезінде аралас оқыту туралы Щучинск қ. жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Г. А. Хомидова сөз сөйледі.
Семинардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары мұндай вебинарлар педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне ғана емес, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен ең тиімді және оңтайлы әдістерді іздеуге ықпал ететініне сенімді.