«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионатты өткізу туралы ереже

27.02.2019

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

  1. WorldSkills Kazakhstan-2019 өңірлік чемпионатын өткізу туралы ереже – (Бұдан әрі- Ереже) «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 139 бұйрығына, «Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 411 бұйрығына, Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес жұмысшы кәсіптерді танымал ету мақсатында әзірленді.
  2. Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионатын (бұдан әрі – өңірлік чемпионат) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
  3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) қазылар алқасының мүшелері – чемпионатқа қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын сарапшылар, тәуелсіз сарапшылар;

- өңірлік чемпионатқа қатысушылардың орындаған конкурстық тапсырмаларын сараптауды және бағалауды жүзеге асыру үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі (белгілі бір кәсіп бойынша білімі мен тәжірибесі) бар тұлға;

2)   құзыреттілік-қатысушының конкурстық тапсырманы орындау және біліктілік, білім және практикалық тәжірибе негізінде кәсіби қызметтің міндеттерін шешу кәсіби қабілеті;

3) құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы-құзыреттіліктің атауын, жарыс бөлігін өткізу дәйектілігін, қатысушылардың конкурстық жұмыстарын бағалау критерийлерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының салалық талаптарын, материалдар мен жабдықтарды анықтайтын құжат.

4) өңірлік чемпионаттың ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) - өңірлік чемпионатты ұйымдастыру мен өткізуге, ағымдағы басқаруға, сарапшыларды іріктеу мен оқытуға, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысу үшін облыстық команданы дайындауға жауап беретін атқарушы басқару органы;

5) өңірлік чемпионаттың бас сарапшысы-конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты өңірлік чемпионаттың сарапшысы. Бас сарапшы чемпионат шеңберінде сарапшылар тобының жұмысын үйлестіреді;

6) өңірлік чемпионаттың бас сарапшысының орынбасары-өңірлік чемпионатты дайындау мен өткізуге бас сарапшыға жәрдем көрсететін сарапшы;

7) өңірлік чемпионаттың техникалық сарапшысы – әрбір конкурстық учаскеге тағайындалады және конкурстық орындарды техникалық жарақтандыруға, жабдықтарды, материалдарды дайындауға, сондай – ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтауға және қатысушылардың жұмыс орнында (бұдан әрі-ЕҚ және ҚТ) нұсқаулығына жауап береді.);

8) өңірлік чемпионаттың инфрақұрылымдық парағы - конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде пайдаланылатын шығыс материалдары, құралдары, жабдықтардың орналасуы, коммуникациялар мен электр байланысы және жабдықтардың басқа да орналасу ерекшеліктері бойынша барлық ақпарат көрсетілген құжат;

9) WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионаты (бұдан әрі – өңірлік чемпионат) - республикалық чемпионаттың ажырамас бөлігі болып табылатын чемпионат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары өткізеді, оның нәтижелері бойынша республикалық чемпионатқа қатысушылар анықталады.

  1. Өңірлік чемпионатты ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және насихаттау, жас мамандар арасында шеберлікті анықтау, кәсіби білім беру жүйесіне кадрларды даярлаудың үздік тәжірибесін енгізу, ұлттық чемпионатқа қатысу үшін өңірлік құраманы қалыптастыру.
  2. Өңірлік чемпионаттың негізгі қағидаттары тұтастық, ақпараттық ашықтық, әділдік, серіктестік және инновациялар болып табылады.
  3. Аймақтық чемпионатқа 18-22 жас аралығындағы тұлғалар – чемпионаттың 1 турының жеңімпаздары: Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері қатысады.

2-тарау. Өңірлік чемпионатты ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

 

  1. Өңірлік чемпионатта өткізуге жоспарланған құзыреттердің жалпы саны Білім басқармасы басшысының бұйрығымен анықталады және бекітіледі.

 

Қатысушы ТжКББ ұйымдардың ең аз саны

 

ТжКБ әрбір ұйымынан қатысушылар (командалар) саны

Медальдар

6

1

1, 2, 3 орын

5

1

1, 2 орын

4

1

1 орын

3

1

1 орын

2

2

  1. орын

 

  1. Аймақтық чемпионат келесі турдан тұрады:

        1) бірінші тур - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізіледі;

        2) екінші тур – осы Ережеге сәйкес бірінші турдың жеңімпаз студенттері арасында облыстық білім басқармасы өткізеді.

3. Чемпионаттарды өткізу күні мен орнын ұйымдастырушылар белгілейді.

4. Өңірлік  чемпионатқа қатысу үшін облыстық оқу-әдістемелік кабинетке жеңімпаздың келесі құжаттары ұсынылады:

1) чемпионаттың бірінші турының қазылар алқасы отырысының хаттамасы;

2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

3) жіберуші оқу орнынан мінездеме – ұсыным;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) сотталмағандығы туралы анықтама;

6) өңірлік чемпионаттың екінші турына қатысуға өтінім;

7) чемпионаттың бірінші турын өткізу туралы есеп (1-қосымша).

8) Халық Банкінің карточкалық базасындағы 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.

9. Өңірлік чемпионатты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

10. Өңірлік чемпионаттардың ұйымдастыру комитеттері ұлттық операторға чемпионат аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеңімпаздың мынадай құжаттарын ұсынады:

1) Ереженің  4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өңірлік чемпионат қазылар алқасы отырысы  хаттамасының көшірмесі;

2) жеңімпаздардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;

3) 3х4 см көлеміндегі 4 фотосурет;

4) жіберуші оқу орнынан мінездеме – ұсыным;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) сотталмағандығы туралы анықтама;

7) Республикалық чемпионатқа қатысуға өтінім;

8) өңірлік чемпионатты өткізу туралы есеп.

11. Өңірлік чемпионаттың бас сарапшылары, бас сарапшының орынбасарлары және техникалық сарапшылары  келесі құжаттар болған жағдайда чемпионатты ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады:

1) білімі туралы құжат (диплом, аттестат);

2) тиісті мамандық (құзыреттілік) бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі.

12. Бас сарапшысы қамтамасыз етеді:

1) конкурстық құжаттаманы (конкурстық тапсырмалар, инфрақұрылымдық парақтар, бағалау критерийлері, техникалық сипаттамасы, ЕҚ және ҚТ нормаларының қағидалары, конкурстық (жұмыс) орын алаңының схемасы, құзыреттер бойынша чемпионатты өткізу жоспары) әзірлеу процесін ұйымдастыру, бағалау қағидалары, рәсімдері мен өлшемдерінің сақталуын қамтамасыз етудегі сарапшылардың жұмысын басқару);

2) қатысушыларды конкурстық тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстыруды;

3) конкурстық тапсырмаларды қатысушыларға бастау уақытына дейін беруді;

4) конкурстық тапсырманы орындауды бастау және аяқтау уақыты белгісін  беруді;

5) қатысушының өзін-өзі сезінуінің немесе өндірістік жарақатының нашарлауына байланысты конкурстық тапсырманы орындауын аймақтық чемпионаттың қазылар алқасы отырысының хаттамасында белгі бере отырып тоқтатуды;

6) келесі чемпионаттарға арналған конкурстық тапсырманың мазмұны бойынша ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар енгізуді;

7) сарапшылардың конкурстық тапсырмаларға қол қою рәсімін ұйымдастыруды;

8) техникалық сарапшының қатысуын қоспағанда, әрбір құзырет бойынша кемінде 3 (үш) сарапшы кіретін қазылар алқасының құрамын анықтауды, ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша қазылар алқасының жұмысына төрағалық етуді және тікелей басшылық жасауды.

3-тарау. Қазылар алқасы (құзыреттілік бойынша)

13.    Қазылар алқасының мүшелері өңірлік чемпионатқа қатысушыларды бағалау рәсімдеріне сәйкес бағалайды. Бағалау рәсімдері кәсіптің (құзыреттіліктің) техникалық сипаттамаларында баяндалған бағалау өлшемдеріне негізделген.

14.    Топтың қазылар алқасының құрамына: әлеуметтік серіктестер, қатысушылардың тәлімгерлері (өндірістік оқыту шеберлері) кіреді.

15.    Чемпионатқа қатысушылардың бірінің тәлімгері болып табылатын қазылар алқасының мүшесі өз қатысушысын бағалауға құқығы жоқ.

16.    Сарапшылар саны тақ болуы тиіс, соның ішінде бас сарапшы, бас сарапшы орынбасары.

17.    Техникалық сарапшының бағалау құқығы жоқ.

18.    Қазылар алқасы әр құзыреттілік бойынша өңірлік чемпионаттың жеңімпаздарын анықтайды.

19.    Чемпионаттың жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады.

20.    Чемпионаттың қалған қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

21.    Жеңімпаздарға және 1,2,3 орын иегерлеріне, сонымен қатар 1, 2, 3 орын иегерлерінің тәлімгерлеріне ақшалай сертификаттар беріледі.

22.    Ұйымдастыру комитеті (колледжде чемпионатты өткізуге жауаптылар) құзыреттілігі бойынша өңірлік чемпионатты аяқтағаннан кейін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетіне толық құжаттар пакетін ұсынады.

 

  1. қосымша

 

  •  

WSK чемпионатын өткізу күні

WSK чемпионатты өткізу орны

Құзыреттердің атауы

Қатысушылар саны

Сарапшылар саны

Оқушылар саны (профор-я)

WSK чемпионатының әлеуметтік серіктестерінің атауы

Чемпионатты өткізу қорытындыларын ақпараттық жариялау туралы бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстардың атауы, эфирге шыққан уақыты мен күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.02.2019 17:45
Құрылған күні: 27.02.2019 18:00

Текст