1. Жалпы ережесі
1.1. Осы ереже Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығына арналған «Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық сырттай конкурсының мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптар, қатысушыларды бағалау критерийлері, қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды.
1.2. Конкурс Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен өткізеді.
1.3. Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау үшін ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады.
1.4. Ұйымдастыру комитеті облыстық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы ақпаратты таратуды жүзеге асырады, конкурстық шығармашылық материалдарды тапсыру мерзімін, конкурстың өткізілетін күнін анықтайды, қазылар алқасының жұмысын қамтамасыз етеді, конкурсқа қатысушыларды марапаттау нысаны мен тәртібін анықтайды.
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері.
2.1. Мақсаты: оқушыларды оқытудың заманауи тәсілдерін іске асыратын шығармашылық педагогтарды қолдау және анықтау; өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруда және жеке тұлға ретінде қалыптасуында білім беру мекемесінің рөлін арттыру.
2.2. Міндеттері:
- мұғалімдердің өзін-өзі жүзеге асыруына және педагогикалық тәжірибені таратуға жағдай жасау;
- оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін инновациялық әдістемелік әзірлемелер банкін құру.
3. Конкурс қатысушылары
3.1. Конкурсқа қатысуға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілері шақырылады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
4.1. Конкурс 2 кезеңде 2020 жылғы 03 ақпаннан бастап 2020 жылғы 24 ақпанға дейін өткізіледі.
1 кезең-аудандық (қалалық) деңгей - (03.02.2020 ж.-14.02.2020 ж.);
2 кезең - облыстық деңгей, қорытынды - (17.02.2020 ж.-24.02.2020 ж.)
5. Конкурсты өткізу шарттары.
5.1. Әзірлеме авторлық, бұрын еш жерде жарияланбаған, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи талаптарына сай болуы тиіс;
5.2. Әдістемелік әзірлемелердің тақырыптары:
1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы;
2. Абай Құнанбаевтың ән шығармашылығы;
3. Абайдың шығармашылығы;
4. Қара сөздер;
5. Абай - ағартушы;
6. Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы.
5.3. Конкурсқа қатысушыларды бағалау критерийлері:
- инновациялылық;
- іс-шараның нақты тұжырымдалған мақсаты мен міндеттерінің болуы (оларға іс-шара мазмұнының сәйкестігі);
- тәсілдердің стандартты еместігі;
- іс-шараның толық және логикалық сипатталуы.
5.4. Аудандық /қалалық білім бөлімдері ұйымдастыру комитетіне қазақ және орыс тілдерінде дайындалған екі шығармашылық материалды ұсынады: көлемі А-4 форматты 3 - 5 бет, Times New Roman шрифтімен терілген, көлемі 14, жоларалық интервал – бір, жиегі: жоғарғы, төменгі -1 см, сол жақ-2,5 см, оң жақ-1,5 см.
5.5. Шығармашылық материалдың титул парағында көрсету қажет:
- жұмыс атауы;
- автордың аты-жөні (толық);
- лауазымы;
- ұйымның толық атауы.
5.6. Аудандық/қалалық білім бөлімдерінен облыстық деңгейдегі конкурсқа қатысуға өтінімдер мен әдістемелік әзірлемелер білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне электронды түрде umk@aqmoedu.gov.kz электронды поштаға 2020 жылғы 17 ақпаннан кешіктірілмей жіберіледі.
5.7. Конкурсқа түскен материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
6. Қорытындылау және марапаттау
6.1. Конкурстың қорытындысын білікті білім беру мамандары, қоғамдық және шығармашылық ұйымдардың өкілдері кіретін білікті қазылар алқасы жүзеге асырады.
6.2. Қазылар алқасы 5.3-тармаққа сәйкес 10 балдық жүйе бойынша жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады. Балдар қосылады. Ең көп балл жинаған конкурсқа қатысушылар конкурстың жеңімпаздары болып табылады.
6.3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
6.4. Облыстық конкурстың қорытындысы Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сайтында жарияланады.
6.5. Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдары мен алғыс хаттары табыс етіледі.
6.6. Конкурстың қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдістемелік әзірлемелер жинағын шығарады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Көкшетау қ., Сәтбаев көшесі 1 Б, каб.105
Байланыс телефоны: 8 (7162 ) 25-17-64
Электронды поштасы: umk@aqmoedu.gov.kz
/public/files/2020/1/29/290120_171740_ok-haty.pdf
/public/files/2020/1/29/290120_171713_ereghe.docx