«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«CLIL-оқыту және оқыту практикасы арқылы білім беру процесіне қатысушылардың функционалдық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» онлайн семинарды өткізу бойынша баспасөз хабарламасы

30.03.2021

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 30 наурызда Степногорск қаласының педагогтерімен бірлесіп Zoom платформасында «CLIL-оқыту және оқыту практикасы арқылы білім беру процесіне қатысушылардың функционалдық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында ЖМБ пәндерді (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытатын Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының әдіскер-менторлары мен педагогтеріне арналған онлайн семинар өткізілді.

Семинар аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскер-менторларының біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және коллаборативті ортаны ұйымдастыру арқылы оқытудың CLIL-технологиясын іске асыратын Ақмола облысы мектептерінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен практик-педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Семинар үш сессиядан тұрды. «Оқытуда CLIL-технологияны қолданудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілері (жұмыс тәжірибесінен)» бірінші сессиясында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерін ағылшын тілінде оқытудың мәселелері мен шешу жолдары»,  Алиева Сәуле Сағитқызы, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскер- менторы;
  2. «Білім беру мекемелерінде CLIL-оқыту мен оқытуды әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді тәсілдері», Щербина Вероника Александровна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі» ММ әдіскер-менторы;
  3. «Оқытудың CLIL-технологиясын енгізудің әдістемелік аспектілері» (тірек мектеп жұмысының тәжірибесінен), Довгаль Наталья Николаевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л. Н. Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясы» КММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары.
  4. Көптілді білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерінің кешенін қалыптастыру: CLIL оқытуда оқу-әдістемелік кешендерді пайдаланудың тиімді практикасы»  атты екінші сессияда:
  •  Кельдешева Жаркынай Абдирашовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Ақсу кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалім;
  •  Цыбульская Людмила Александровна, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Ю. А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика мұғалімі;
  •  Назарова Алена Михайловна, «Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі;
  • Саратовцева Лариса Германовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Шаңтөбе кентінің В. Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі CLIL оқытуда оқу-әдістемелік кешендерді пайдаланудың тиімді тәжірибелерімен және жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Өз баяндамаларында сабақтарында биллингвалды оқулықтар мен ОӘК-нің «Астана кітап» редакциясын және ағылшын тіліндегі «Express Pablishing» редакциясын пайдаланатыны жайлы айтып өтті. Оқулықтар мен ОӘК мазмұнын, сондай-ақ оларды сабақта қолданудың артықшылықтарын ашты. Педагогтер өз сөздерінде бұл құралдар оқушылардың зияткерлік деңгейі мен білім сапасын арттыруға ықпал ететін сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамытады деп атап өтті.

  • Семинардың рефлексивті компоненті. Ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық мәселелері» үшініші секцияда «Edu Stream» (Алматы қаласы) халықаралық білім беру компаниясының аға әдіскері Дякина Елена Викторовна оқушы портфолиосының мүмкіндіктері, Express Publishing халықаралық баспасының ОӘК, ЖМБ пәндері бойынша қосымша CLIL-әдебиеті жөнінде айтып өтті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интерактивті онлайн-тақтаны пайдалана отырып, ұжымдық ретроспективті рефлексия жүргізілді және ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер ұйымдастыратын сабақтан тыс белсенділік түрлерін, құралдардың, әдістер мен тәсілдердің кең арсеналын, сондай-ақ оқытудың нысандары мен нұсқаларын: сыныптық-сабақтық оқыту ретінде ғана емес, сондай-ақ оқушылар үшін сыныптан тыс іс-әрекеттерді (каникулдық пәндік мектептер, сессиялар мен конкурстар) қолдану арқылы кеңейту бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

Сауле АЛИЕВА, әдіскер-ментор

Ақмола облысының білім басқармасының

 «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ

 

  • 13.jpg
  • 12.jpg
  • 11.jpg
  • 10.jpg
  • 9.jpg
  • 8.jpg
  • 7.jpg
  • 6.jpg
  • 5.jpg
  • 4.jpg
  • 3.jpg
  • 2.jpg
  • 1.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.03.2021 21:53
Құрылған күні: 30.03.2021 22:04

Текст