«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаздық еткен жалықпас...»

16.01.2024

Ұстаз мамандығын жүрек қалауымен таңдап, өмірлік мақсатына айналдырып, бүгінде талай белестерді бағындырып жүрген Бейсембина Айнагүл Елемесқызы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан дәріс беріп, болашақ ұстаздарды даярлап жүрген әмбебап педагог, білікті маман, шәкірт сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген ұлағатты ұстаз. «Педагог-шебер» біліктілік санатына ие. Филология ғылымдарының магистрі. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. «2022-Үздік педагог» атағының иегері.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың мақалалар жинағында ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланып отырады. Пән бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, 2021 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік ұстаз» республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы атанса, өткен жылы «Үздік қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты облыстық байқаудың жеңімпазы дәрежесіне лайық екендігін дәлелдеді. Бірнеше оқу құралдарының авторы.

«Алғашқы грамматика» (тыныс белгілері) тақырыбы бойынша Республикалық білім-ғылым және танымдық порталына (www.ulagat.com) орналастырылған бейнесабақтар топтамасы (курс) тыңдаушылардың тілдегі пунктуациялық емлені дұрыс қолдануға зор септігін тигізері анық.

2021 жылдың желтоқсанында Түркияның Анталия қаласында өткен ғылыми және инновациялық зерттеулер бойынша Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Марокко, Македония, Эфиопия т.б. елдерден жиналған ғалымдармен бірге халықаралық конгресске оффлайн форматында қатысып, «Case-study технологиясы негізінде тілді меңгертудің тиімділігі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

Айнагүл Елемесқызының еңбекке деген шынайы және шығармашылық адалдығы, өз ісіне деген сүйіспеншілігі, ізгі ниеті мен адамгершілігі әріптестерінің шынайы құрметіне себепкер болып қана қоймай, шәкірт жүректерінен мықтап орын алған. Өйткені, Айнагүл Елемесқызы  ұстаздармен және студенттермен тіл табыса білуді, іскерлік байланыстар орнатуға, кәсіби достық қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық қарым-қатынас атмосферасын құруға ерекше көңіл бөледі.

Айнагүл Елемесқызы қызықты заманауи оқыту стратегиялары мен технологияларын пайдаланады, оқушының бейімділігін байқайды және соған сәйкес оған ең қолайлы оқу материалын немесе әрекетті анықтайды. Сондықтан, оның сабақтарына оқушылар қызығушылықпен келеді. Ана тілін терең меңгерген, тілді оқыту әдістемесін кемел  меңгерген ол студенттердің қазақ тілі мен әдебиетін меңгеруінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Оқытушының дайындаған студенттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтсақ, облыстық «Тіл шебері» байқауы, республикалық «Туған жерім – Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу байқауы, «Үкілі үміт» халықаралық педагогикалық олимпиадасы, «Абай тағылымы» халықаралық мәнерлеп оқу байқауы т.б. сайыстар, байқаулар мен ғылыми жоба қорғату істерінде Айнагүл Елемесқызының шәкірттері жүлделі орындарға ие болып, оқу орнының мақтаныштарына айналған.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.01.2024 18:21
Құрылған күні: 16.01.2024 18:21

Текст