«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытуды дамыту мәселелері мен болашағы. 2020 жылға облыс педагогтарының біліктілігін арттыруды жоспарлау»

06.05.2020

2020 жылғы 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан  қаласындағы № 2 ОДБММИ  базасында  Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС-мен бірлес отырып «ЖМБ пәндерді  ағылшын тілінде оқытуды дамыту мәселелері мен болашағы. 2020 жылға облыс педагогтарының  біліктілігін арттыруды жоспарлау» тақырыбында  жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытуды енгізуге жетекшілік ететін аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың әдіскер-менторларына және әдістемелік кабинеттердің біліктілігін арттыруға жетекшілік ететін әдіскерлеріне арналған жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесінің пленарлық бөлімінде Ақмола облысы бойынша әдіскер - ментор С. Алиева «Заманауи  педагогтың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, оның шығармашылық әлеуетін байыту» тақырыбында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында үштілділікті енгізу бойынша                       2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, сондай-ақ жарыссөзде әдіскер-менторлар С. Булькибаеваның (Ақкөл ауданы), Ж. Алдабергенованың (Бұланды ауданы) «ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытуды дамыту мәселелері мен болашағы» тақырыбында есептері тыңдалды.

Ақмола облысы бойынша «Менторлық» жобасының үйлестірушісі, «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС өкілі Д.Омаров кеңеске қатысушыларды облыс педагогтарын әдістемелік сүйемелдеу және 2019-2020 оқу жылында облыстың жалпы білім беретін мектептерінде ЖМБ пәндерді оқытуда лингвистикалық компонентті жүзеге асыру мәселелерімен таныстырды.

Практикалық бөлімде Целиноград ауданы бойынша «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС менторы Есенин Мұқағали «Сабақта CLIL қолдану» тақырыбында және Махмутова Индира (Аршалы және Астрахан аудандары бойынша менторы) «Есту және тыңдау» шеберлік сағатын өткізді.

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері Ж. Даниярова Көкшетау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының желісі бойынша Ақмола облысының 2020 жылға арналған педагог кадрларының біліктілігін арттыру жоспарымен таныстырды, сондай-ақ кеңеске қатысушылар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары желісі бойынша 2020 жылға арналған біліктілікті арттыру жоспарымен танысты.

 

Ұсынылған педагогикалық тәжірибе іс-шараға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды, барлық сұрақтар бойынша талдау жүргізіліп, кең пікірталас өтті.

Жұмыс кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия өткізілді және облыс педагогтарының авторлық бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендері мен ЖМБ пәндер бойынша (физика, информатика, химия, биология) оқу-әдістемелік құралдарды ағылшын тілінде әзірлеуді кеңейту және қамтамасыз ету, үш тілді білім беруді енгізетін мұғалімдердің кәсіби интернет қауымдастықтарын құру бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

 

Алиева Сауле Сагитовна,

Ақмола облысы білім басқармасының

«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері

 

  • IMG_1040-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1043-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1037-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1038-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1044-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1041-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1042-06-05-20-05-28.JPG
  • IMG_1039-06-05-20-05-28.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 06.05.2020 18:32
Құрылған күні: 06.05.2020 18:41

Текст