«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ

15.05.2020

          1. Практикалық қызметте білім берудегі заманауи үрдістердің өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҒМ-нің негізгі нормативтік құжаттарын басшылыққа алу.

         2. Қашықтан оқыту жағдайында оқу үдерісін әдістемелік сүйемелдеу мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру  жұмысын күшейту.

         3. Инклюзивті білім беруді одан әрі дамытудың нормативтік-құқықтық негіздерін сақтауды қамтамасыз ету.

          4.  Білім беру перспективасы мен сараланған білім беруді негізге ала отырып, білім беру тәсілін дараландыру.

          5. Білім беру мазмұнын жаңарту негізінде ұсынылатын мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру.

           6. Қашықтан оқыту жағдайында әдістемелік қызметтің құрылымын жетілдіру, білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсету.

          7. Қазіргі жағдайда оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселесінде кеңес беру және практикалық көмек көрсету.

                   8. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында менторлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі жұмысты күшейту.

                   9. Кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары бойынша қызметті жүйелендіру.

         10. Оқу жылы аяқталғанға дейін және жазғы демалыс кезінде бірлескен тәрбие жұмысын үйлестіру.

         11. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында педагогтарды оқыту жүйесін болжау.

         12. Пән педагогтарының қауымдастығына бейнесабақ түрінде банк құру, қызметтің диагностикалық әдістері, әдістемелік көмек көрсетуге педагог қызметкерлердің қажеттілігі, жаңа оқу жылында білім алушыларды оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.

         13. Ақпараттық-әдістемелік кеңістікті дамыту арқылы әдістемелік көмектің сапасын қамтамасыз ету.

         14. Әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.05.2020 13:05
Құрылған күні: 15.05.2020 13:06

Текст