«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕКЦИЯСЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

27.08.2020

«Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқытудың жаңа интерактивті нысандары мен әдістерін қолдану»

1. Жоғарыда көрсетілген ақпараттарды назарға алу.

2. Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жұмыс жоспарына енгізу.

3. Балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жеке қабілеттерін ескере отырып, қосымша біліммен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру.

4. Балаларға қосымша білім беру сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, ұйымның білім беру бағдарламалары мен даму бағдарламаларын жаңарту.

5. Балалардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес үйірмелердің, спорт секцияларының түрлері мен бағыттарын кеңейтуді көздеу.

6. Қамтамасыз ету:

- жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қашықтықтан оқыту форматындағы сапалы білім беру процесі;

- білім алушыларды аудандық, қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысуға даярлау;

- балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ететін бейіналды оқыту.

7. Педагогтердің республикалық және облыстық деңгейде біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы өтуін қамтамасыз ету.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.08.2020 16:01
Құрылған күні: 27.08.2020 16:01

Текст