Смагулова Гульмира Каировна - «Донской орта мектебі» ММ Біржан сал ауданы бастауыш сынып мұғалімі. Педагог –зерттеуші. Еңбек өтілі - 29 жыл. Гульмира Каировна «Жаңартылған бағдарлама бойынша оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту» бағыты бойынша еңбек етіп келеді.
Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашық және айқын көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, Отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді көрсете біледі.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен дайындықпен, ізденістермен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне оң әсерін беретіндей етіп өткізеді.
2016 жылғы Облыстық семинарда 2 сыныпта «Шаруашылық» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Ең үздік сабақ» сертификатына иеленді.
2016 жылғы «Педагогикалық инновацияларының VI Халықаралық жәрмеңкесіне қатысып, «Алтын сертификат» және «Асыл тас» кубогы мен грамотасымен марапатталды. ІІ Республикалық «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» Педагогикалық оқуларында облыстық кезеңде ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша біртұтас адамгершілік-рухани кеңістік құру» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, Ақмола облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Тәуелсіздігіміздің 25- жылдық мерейтойына орай Республикалық жобаның «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» медалі мен мадақтамаға ие болды.
2019 жылғы Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік сабақ презентациясы» атты байқаудан І дәрежелі Диплом және Алғыс хат тапсырылды.
2019 жылғы «Талапты, талантты жастар» интеллектуалды білім порталы ұйымдастыруымен 2019 жылғы Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік сабақ презентациясы» атты байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылғы Республикалық «Жарқынның жарқын жолы» энциклопедиясының ұйымдастыруымен «Білім жаршысы» атты білім саласы қызметкерлері арасында өткізілген байқауда «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша І орын дипломымен марапатталды.
2019 жылғы «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық-дарындылық қабілетін дамыту» атты Авторлық бағдарламасын облыстық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылғы Тәуелсіздік мерекесіне орай Біржан сал ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.