Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені, бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мен болашағын тапсыратын сенімді өкілі.
Ұлы данамыз Әл –Фараби айтқандай: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Шыңында да, мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі. Осындай ұлы мамандықтың иесі Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, №2 орта мектеп-лицейінің жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі – Смагулова Сулушаш Кажкенқызы.
Слушаш Кажкенқызы 1962 жылдың 20 мамырында Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Талды ауылында дүниеге келген. 1981 жылы аталмыш ауылдың мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының шетел тілдері факультетінің неміс және ағылшын тілдері мұғалімі мамандығына оқуға қабылданады. Аталған оқу орнын 1985 жылы бітіреді. Өзінің еңбек жолын 1985 жылдың тамыз айында Ерейментау қаласы 2 орта мектеп-лицейінде бастайды. Бүгінгі күні де аталған мектепте 32 жыл еңбек етіп келеді.
Слушаш Кажкеновна – шығармашыл ұстаз. Ұстаздық жолында бәсекеге қабілетті, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп, әр оқушы бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға, ағылшын тіліне деген қызығушылығын оятуға тырысып келеді. Оның шәкірттері аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі сайыстардың жеңімпаздары атанып жүр. Олардың ішінде аудандық пән олимпиадасында: Асылхан Жанель 1 орын (2013 ж), Абдрахманова Аяжан 3 орын (2015 ж), Алиева Айдана 2 орын (2015 ж), Ашимова Аружан 1 орын (2016 ж) жүлделі орындарға ие болды. Облыстық деңгейдегі пән олимпиадасында Куттыбаева Дариға 2012 жылы 2 орынды иеленді.
Жыл сайын Слушаш Кажкенқызының оқушылары Халықаралық интеллектуалды «BritishBulldog», «Кенгуру –лингвист» сайыстарына, ағылшын тілінен Қазақстандық «КИО» олимпиадасына қатысып, жүлделі I,II,III – орындарды иеленіп келеді.
Слушаш Кажкеновна – талапшыл педагог. Ол өзінің көп жылдық еңбек өтіліне қарамастан, үнемі ізденіс жолында болып, өз тәжірибесімен аудан, облыс, Республика көлемінде бөлісіп келеді. Оның ғылыми зерттеулері мен мақалаларын түрлі баспасөз беттерінен көруге болады. Мысалы: «Ағылшын тілі мектепте және ЖОО-да»; «Мектептегі шетел тілі»; ( 2012-2013 ж.); Шығармашыл ұстаздардың үздік жобалары жинағы «7 бөлім». Астана-2013 ж. және т.б. Слушаш Кажкенқызының жетістіктерінің бірі – «Экспо-2017» атты мұғалімдер сайысында алғыс хат; «Информзнайка» интернет-журналында жарияланған мақала үшін «лауреат» атағы.
Слушаш Кажкеновнаның еңбегі аудан, облыс, Республика көлемінде үнемі бағаланып келеді. Марапаттар қоржынында «ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты» (2011 ж.), «VII Республикалық педагогикалық-инновациялар фестивалінің сертификаты» (2012 ж.), «III Халықаралық инновациялық жобалар жәрмеңкесі» сертификат (2013 ж.), «IV Халықаралық инновациялық жобалар жәрмеңкесі» алғыс хат (2014 ж.), «Қазақстандық интернет олимпиада» 3 деңгей алғыс хат (2015 ж.), «VI Халықаралық инновациялық жобалар жәрмеңкесі» алғыс хат (2016 ж.), «VII Халықаралық инновациялық жобалар жәрмеңкесі» сертификат (2017 ж.), Қазақстандық интернет олимпиада» 3 деңгей алғыс хат (2017 ж.), «Лучшие в образовании» атты халықаралық энциклопедияның медалі (білім беру ісіне жасаған ерең еңбегі үшін медаль №1310). (Диплом №1900883).
2018 жылы Республикалық Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған.