«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Такеева Майра Карибжановна Қорғалжын ауданы Арықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

11.06.2019

«Ұстаз өмірінің айнасы»

   Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсан ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек, деп Мухтар Шаханов айтқандай, Қорғалжын ауданы Арықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Такеева Майра Карибжановна әр баланың жүрегінің пернелерін дәл басып, ойната біледі.

   Ұстаз- өз ісінің білгірі, заманауи тәсілдердің еңгізудің шебері. Оқу мен оқытудың негізгі басымдылығы алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударады. Осы орайда, ұстаздың шәкірттері республикалық, және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

     Кез-келген жол алғашқы адымнан басталады десек, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен, отбасынан басталады. Отбасы – өмірлік құндылықтар жайында ұғым беретін алғашқы ұжым.

    Майра Карибжановнаның пайымдауы бойынша, баланың өзінде сенім мен бақыт орныққан кезде ғана мектепте жанұядағы бақытты сезіне алады. Осы мақсатпен Джорж Соростың бағдарламасы бойынша 2004 жылдан бастап, жүйелі жұмыс жүргізуде.

    Майра Карибжановна көшбасшылық қасиетінің ұйымдастыруымен Оқушы-Ұстаз-Ата-анадан үш жүректен құрылған одағы жұмыс жүргізілуде.

    Табысты жүргізілген іс-тәжірибесі Ақмола облысының педагогикалық білім жетілдіру институтында бекітіліп, авторлық патенкте ие болды.

  Майра Карибжановна авторлық бағдарламамен 15 жыл ішінде 15 облыстық, 20 аудандық және 2 халықаралық семинарларда өзінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, «Жаңашыл ұстаз»  және Қазақстан Республикасының «Білім үздігі» төс белгісімен марапатталды.

     Оқушының жеңісі, ұстаздың жемісі дегендей, Майра Карибжановнаның шәкірттері мұғалім ізін жалғастырып, жоғары белестерді бағындыруда.

  • IMG_1657-11-06-19-10-57.JPG
  • IMG_20190413_112158.jpg
  • IMG_20190413_111656.jpg
  • IMG_20190413_111607.jpg
  • IMG_1658-11-06-19-10-57.JPG
  • IMG_1661-11-06-19-10-57.JPG
  • IMG_1660-11-06-19-10-57.JPG
  • IMG_1659-11-06-19-10-57.JPG


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.06.2019 11:17
Құрылған күні: 11.06.2019 11:27

Текст