«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімгер–мамандық емес, бұл қабілеттілік

10.02.2020

2006 жылдан бастап Қанафина Сауле Кәкімқызы Біржан сал ауданының «Макинка орта мектебі» ММ-де жұмыс істейді. Сәуле Кәкімқызы «Жас Ұлан» қызметінің дамуына атсалысуда, сондай-ақ ЖҚИ жасағының және «Мейірімді жүрек» еріктілер қозғалысының жетекшісі болып табылады. Ол балалар қоғамдық бірлестігін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жеке өзі әзірлеп, жүзеге асырады. Аталмыш бағдарламаның мақсаты әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде баланың жеке тұлғасын дамыту, ал негізгі идеясы Қазақстанның азаматын тәрбиелеу болып табылады.

Сауле Кәкімқызы балалардың жас ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Ол үшін балалардың сабақтан тыс жаппай демалысын, каникулдық демалысын ұйымдастырады. Барлық іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын есепке ала отырып құрылған.

Сәуле Кәкімқызы 10 жылдан бұрын «Еңбек десанты» тимурлық қозғалысын қайта жандандырды. 2018 жылы «Мейірімді жүрек» еріктілер клубы құрылып, ондағы еріктілер саны жыл сайын өсуде.

Канафина Сауле Кәкімқызы «ұжымдық-еңбек қызметін тарту арқылы патриотизмді тәрбиелеу» әдістемелік мәселемен жұмыс істейді. Ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясын, ойын технологияларын, балалармен диагностикалық жұмыс түрлерін қолданады, ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау әдістемесін меңгереді. Балалар бірлестігінің жетекшісі ретінде Сәуле Кәкімқызы өз тәрбиеленушілерін ауыл, аудан, облыс, ел үшін ортақ іске белсенді қатыстырады.

Сәуле Кәкімқызы өзінің кәсіби дағдыларын, білімін үнемі жетілдіреді, әріптестерінің озық педагогикалық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады. Аудандық семинарларға белсенді қатысып, тәжірибесімен бөліседі, баяндамалармен сөз сөйлейді. 2015 жылы балалар қоғамдық қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін  «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-нің  төс белгісімен марапатталды. Оның балалары аудандық және облыстық конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері болып табылады. Сәуле Кәкімқызы жұмыс уақытында өзін белсенді, мақсатты, адал, ынталы қызметкер ретінде көрсете білді. Балалар өздерінің аға тәлімгерлеріне үлкен құрметпен қарайды.

 

 

 

  • WhatsApp Image 2020-02-04 at 18.37.52.jpeg
  • WhatsApp Image 2020-02-04 at 18.37.53.jpeg
  • WhatsApp Image 2020-02-04 at 18.37.53 (1).jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 10.02.2020 12:08
Құрылған күні: 10.02.2020 12:08

Текст