Алтынай Саукенқызы Зикирина бүгінгі күні өзін тәжірибелі, білікті маман ретінде көрсете білді. Алдына мақсат қоя білетін шығармашыл ұстаз. Сабағын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде құрып, жұмыс істейді. Шәкірттеріне бар білгенін аямай үйрететін, талапшыл, әрбір оқушысының биіктен көрінуіне жол сілтейтін мұғалім. Жаңашыл ұстаз ретінде тәжірибе алмасу мақсатында республикалық ғылыми-әдістемелік «қазақ тілі мен әдебиеті» журналында, аудандық тамыз конференциясында, Педагогикалық идеялар вернисажында, «Озық тәжірибе тарату - педагог мәртебесі» облыстық-аймақтық семинарында, Көкшетау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ұйымдастырған облыстық семинар-практикумда педагогикалық іс-тәжірибесімен бөлісу үшін әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқыды:
Алтынай Саукенқызы аудандық педагогикалық оқулардан І орын, «Үздік педагог» сайысында ІІ орын, ІІ республикалық «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломымен, VI Халықаралық білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінің қола сертификатымен, биылғы жылы облыстық педагогикалық оқуларда ІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұстаз еңбегі шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен өлшенеді. Ясауитану Халықаралық байқауында Даулетхан Ділнар - ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысында «Шабыт» тобы қатарынан екі жыл бойы Бас жүлде иегері атанды. Алтынай Саукенқызы жүргізетін «Өркен» драмалық үйірмесі де еңбектерінің жемісін көріп жүр: аудандық «Әбіш оқулары» сайысында «Сахналық қойылым» номинациясы І орын, облыстық «Әбіш оқулары» сайысында «Сахналық қойылым» номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Театрдың ғажайып әлемі» сайысының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде Алғыс хатпен марапатталды. Аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадасында, облыстық «Абай оқулары» сайысында, «Зерде» ғылыми жобалар сайысында оқушылары жүлделі орындардан көрініп, ұстаз мерейін, еңбегін жоғары дәрежеде көрсетіп жүр. Әріптестері арасында беделді және оқушылармен сенімді жұмыс істейді, ұжымында сыйлы, әділ, талапшыл, шығармашыл ұстаз.